Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Тоқаев жастарға арналған ипотека туралы айтты

Тоқаев жастарға арналған ипотека туралы айтты

Тоқаев жастарға арналған ипотека туралы айтты
ашық дереккөзі

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысының даму бағыттары туралы жоспарымен бөлісті, деп newsroom.kz хабарлайды exk.kz-ке сілтеме жасай отырып.

Мемлекет басшысының айтуынша, елімізде "Қуатты өңірлер — ел дамуының драйвері" атты ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Экономиканы әртараптандыру ісінде Балқаш өзгелерге үлгі бола алады. Мұнда ірі өнеркәсіп орындарымен қатар туризм саласын өркендетуге зор мүмкіндік бар. Сондықтан жазғы маусымда Балқашқа авиарейстерге билеттерді субсидиялау мәселесін қарастырған жөн, — деді Президент.

Сондай-ақ ол тозығы жеткен инженерлік инфрақұрылымды жаңартып, жөндеуге жұмсалатын қаржыны арттыруға тапсырма берді.

Аймақта жеңілдетілген ипотека бағдарламасы бар. Жастар бастапқы жарна ретінде баспана құнының 10 пайызын салып, 19 жылға ипотекалық несие алуына болады. Жылына 5 пайыздық өсіммен 20 миллион теңгеге дейін беріледі, — деді Мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, енді бағдарламаның бюджетін көбейтіп, жеңілдетілген несиенің санын арттыра түсу қажет.

Бұл — жергілікті жас отбасыларды, жас мамандарды қолдауға арналған тиімді әдіс. Олар басқа аймақтарға көшпей, туған жерінде еңбек етуге жақсы мүмкіндік алады. Мұндай тәсілді өзге облыстар да қолдануы керек, — деп ой бөлісті Тоқаев.

Фото: ortalyq.kz