Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
1 қазан, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістанда ұлттық тағамдар гастро-фестивалі өтіп жатыр

Түркістанда ұлттық тағамдар гастро-фестивалі өтіп жатыр

Түркістанда ұлттық тағамдар гастро-фестивалі өтіп жатыр
ашық дереккөзі

Түркістан қаласында алғаш рет «GASTRO FEST TURKISTAN - 2022» атты ауқымды гастрономиялық фестиваль басталды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Шараның негізгі мақсаты - қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау, туристер үшін еліміздің қонақжайлығын көрсету. Аталған іс-шараны, Түркістан облысының Туризм басқармасына қарасты «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырып отыр.

Фестиваль аясында қаланың үздік мейрамханалары мен дәмханалары ұлттық тағамдар мен стрит-фуд дәмділерін әзірлемек. Сағат 16:00-де марапаттау рәсімі өтеді деп жоспарлануда.

 width=

Ұлттық тағамдарды ұлықтаған шара концерттік бағдарламалар мен қызықты ойындарға ұласпақ. Шара аясында жылдам тамақтану бойынша конкурстар, жергілікті аспаздардың шеберлік сыныптары және тағы басқа думанды іс-шаралар өтеді.

Думанды шара кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.

Фото: Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі