Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
29 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 86 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 86 мектеп салынады

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша 86 мектеп салынады
ашық дереккөзі

«Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы бойынша Түркістан облысында 86 мектеп салу жоспарланған, деп newsroom.kz хабарлайды.

Президенттің төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте қаралған «Жайлы мектеп» жалпыұлттық жобасын іске асыру мәселесі бойынша Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды салаға жауапты басшылардың басын қосып, нақты тапсырмалар берді. Жаңа үлгідегі мектептер салу үшін жер телімдерін бөлу, инженерлік жүйелерін жүргізу, педагогтермен қамту және уақытында құрылысын аяқтау сынды тапсырмалар міндеттелді. Осы арқылы үш ауысымды, апатты, ескірген мектептер санын жою жоспарға қойылған.

 width=

– Мемлекет басшысының төрағалығымен өткен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңесте 2023 жылы басталуы тиіс мектептер үшін жер учаскесін бөлу және қажетті инфрақұрылымға қосу жөніндегі барлық мәселені бір ай ішінде шешуге тапсырма берді. Мәселенің маңыздылығын ескере отырып, барлық аудан, қала басшыларына шұғыл түрде жаңа мектептердің жер телімін заңдастыруды тапсырамын. Екіншіден, құрылысы кешеуілдеп жатқан білім ұяларын қадағалауға алып, жұмысын жандандырыңыздар. Әрбір мердігер мектептерді уақтылы әрі сапалы тапсырулары керек. Сонымен бірге білім сапасын арттыру мәселесі де назарда тұруы тиіс,– деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.

2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында осы мақсатта 400 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінеді. Жоба аясында ашылған мектептер заманауи пән кабинеттерімен, зертханалармен толық қамтамасыз етіледі. Түркістан облысында 900, 1200 және 2000 оқушы орындық мектептер салу жоспарланған. Бекітілген 86 мектепте 60 мыңнан астам баланың білім алуына барлық мүмкіндік жасалады.

Жобаның мақсаты – қалалар мен қарқынды дамып келе жатқан (перспективалы) елді мекендерде жаңа үлгідегі, бірыңғай стандарттағы жабдықталған мектептер салу. Оқушылар мен оқытушыларға қолайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау және  білім беру қызметінің сапасын арттыру.

Түркістан облысында жалпы 983 (оның ішінде 75 жекеменшік) мектеп бар. Соңғы жылдары 83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, ал қазір 59 мектеп салынып жатыр.

Айта кетейік, Түркістан облысында жалпы орта білім беретін 910 (10 жеке меншік) ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде 97 бастауыш, 57 негізгі, 756 орта мектеп. 78 қалада, 832-ауылдық елді мекендерде орналасқан. 1) Бастауыш мектеп – Бастауыш білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 2) негізгі орта мектеп – бастауыш және негізгі орта білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; 3) жалпы білім беретін мектеп - Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім берудің оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны; Мектептің негізгі міндеттері: 1) құзыретті тұлғаны қалыптастыруға және дамытуға бағытталған білім беру бағдарламаларын меңгеру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін жағдай жасау; 2) білім алушылардың тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген базистік ғылым негіздерін алуын қамтамасыз ету; 3) тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру; 4) азаматтық пен патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздер мен мемлекеттік тілді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу; 5) Белсенді азаматтық ұстанымы бар тұлғаны тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне араласу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарасын қалыптастыру; 6) отандық және әлемдік мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да ұлттардың тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу. Сонымен қатар, облыста 2020 жылғы наурыз айының 20 жұлдызына дейін 1447 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс жасады. Оның: 1271 балабақша (273-мемлекеттік, 998-жекеменшік), 176 мемлекеттік шағын орталық. Онда 1-6 жастағы 153296 (96,0%) бала тәрбиеленуде, оның ішінде 3-6 жастағы 119834 бала қамтылып, ол 99,8% құрады. Жалпы мектепке дейінгі ұйымдардың үлесінің 69,0 % жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар құрайды. Балабақша кезегінде 1-6 жас бала саны –8159 оның ішінде 3-6 жас аралығындағы кезектегі бала саны- 380). Облыс әкімінің 2020 жылғы 18 наурыздағы Түркістан облысының аумағында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік комиссия отырысының №2 хаттамалық тапсырмасының 5-тармағына сай меншік нысанына карамастан (мемлекеттік, жекеменшік) мектепке дейінгі ұйымдар а.ж.20 наурызынан бастап уақытша жумыстарын тоқтатты. Мектепке дейінгі ұымдардағы қызметкерлердің еңбек жалақысы сақтала отырып, үйлерінде, өз өтініштері бойынша кезекті еңбек демалысында, тәрбиешілер (ватсап, телефон ) арқылы балалардың жас ерекшеліктеріне қарай ата-ананың келісімімен тапсырмалар беріп, қашықтықтан ата-аналармен тығыз байланыста. Мекемелерде тек басшылары, шаруашылық меңгерушісі, бухгалтерлері және қарауылдары кезекшілік етуде. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі