Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан: Дархан Сатыбалды мақта зауыттарының басшыларымен ортақ келісімге келді

Түркістан: Дархан Сатыбалды мақта зауыттарының басшыларымен ортақ келісімге келді

Түркістан: Дархан Сатыбалды мақта зауыттарының басшыларымен ортақ келісімге келді
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысындағы диқандардың талабын жеткізу үшін облыс әкімі Дархан Сатыбалды өңірдің мақта өңдеу зауыттары мен халықаралық мақта саудагерлерімен (мақта сатып алатын трейдерлер) кездесу өткізді, деп newsroom.kz хабарлайды. Ашық әңгіме барысында мақта шарушылығы саласындағы өзекті мәселелер талқыланып, облыс әкімдігі тарапынан тиісті ұсыныстар енгізілді. Халықтың уәжін жеткізген Түркістан облысының әкімі зауыт басшыларына бірқатар талап қойды.
- Сіздермен бірге маңызды мәселені талқылап, ортақ мәмілеге келу үшін арнайы кездесіп отырмыз. Шаруалармен кездесуімде олар мақта шаруашылығы саласындағы бірқатар мәселелерді ортаға салды. Бірден айтайын, біз - халықтың жағындамыз. Мен халықтың уәжімен келісемін. Сіздерді түсінеміз. Дегенмен, халықтың жағдайын ойласаңыздар. Шаруалар бейнетпен өсірілген ақ алтынның биылғы бағасының төмендігімен келіспей отыр. Кездесуде мақта қабылдау бекеттеріндегі таразыдан алдау, секілді жайттарды айтты. Зертханалар мақта сапасын қасақана түсіреді деді. Мұндай жағдайларға жол берілмеу керек. Жалпы, келешекке сіздерді тек мақтаны тазалап, сатпай, қайта өңдеумен айналысуды қолға алуға шақырар едім. Тігін фабрикалары ашылса, көп мәселе шешіледі. Шаруаларға да тиімді, ішкі нарық артады. Жұмыс орындары да ашылады. Осы істі қолға алсаңыздар, біз қолдауға дайынбыз,- деді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс басшысы ірі зауыт иелеріне мақтаны тазалаумен қатар, қайта өңдеумен айналысуды ұсынды. Тараптар ортақ мәселелерді ортаға салып, нәтижесінде шитті мақтаның бір тоннасына бүгіннен бастап шаруаларға 250 мың теңгеден алдын ала төлем (аванс) жасайтын болды. Соңғы баға биржаға байланысты болады. Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді, Ливерпуль биржасының Индексіне сәйкес белгіленеді. Өңірде 21 мақта өңдеу зауытының 200-ден астам мақта қабылдау бекеттері бар. Бүгінде мақта өндіруші компаниялар тікелей халықаралық мақта саудагерлерімен (мақта сатып алатын трейдерлер) жұмыс істейді. Ал, трейдерлер мақта талшықтарын сатып алу бойынша алдын ала келісім шарт жасап, қаржыландырады. Сол себепті, мақтаны шикізат күйінде сатып алуға қажетті қаражаттың барлығы дерлік жеке инвестициялар деуге болады. Жиынға келген мақта зауыттарының басшылары дәл қазіргі кезде сұраныстың жоқтығын алға тартты. Баға - мақта сапасына байланысты екенін мәлімдеді. Жалпы биыл облыста 125 мың га астам алқапқа мақта егілген. Бұл жалпы егістіктің 15 %. Шитті мақтаның түсімділігі гектарынан 26,2 центнерден 330 мың тоннадан астам жиналады деп болжануда. Бүгінгі күнде облыста 16 мың тонна мақта жиналды. Жиын-терім жұмыстары жүргізілуде. Жалпы бұл салада 25 мыңнан астам агроқұрылымдар еңбек етеді. Өткен жылы шитті мақтаның тоннасы орташа 320 - 380 мың тг. қабылданып, Ресей, Қытай, Түркия, Латвия, Молдова, Беларусь, Германия, Бельгия елдеріне 68 мың тн мақта талшығы экспортталды. Ал, қалған 19 мың тн мақта талшығы ішкі нарыққа сатылды. Бұл өз кезегінде мақта шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізді. Мемлекет тарапынан күзгі жиын терім жұмыстарына 48 мың тн. жанар-жағар май (бағасы нарықтан 15-20 % төмен) және 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 % -ын субсидиялауға бюджеттен 6 млрд.тг субсидия қаржысы бөлінді. Сонымен қатар 653 түрлі өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 521,4 млн.теңге қаржы қаралса, агроқұрылымдардың сатып алған тұқымының құнын арзандатуға 600 млн. теңге қаржы бөлінді. Айта кетейік, 13-қыркүйек күні еліміздегі ақ мақтаны өсіретін бірден бір өңір – Түркістан облысында мақта терімі басталды, деп хабарланған болатын. Биыл облыста мақта дақылының егіс көлемі 126,3 мың гектарды құрады. Бұл жалпы егістіктің 15 %. Шитті мақтаның түсімділігі гектарынан 27,3 центнерден 333,4 мың тонна жиналады деп болжануда. Бүгінгі күнде Жетісай, Мақтаарал аудандарында жиын-терім жұмыстары қарқынды жүргізілуде (2,1 мың га, 19,7 ц/га 4,1 мың тн). Қолда бар 595 бірлік комбайндардың 92%-ы жиын терім жұмыстарына дайын. Жалпы бұл салада 25 мыңнан астам агроқұрылымдар еңбек етеді. Шитті мақтаның өткізу бағасы әлемдік нарықтағы мақта талшығының бағасына тікелей тәуелді және Ливерпуль мақта биржасының Индексіне сәйкес белгіленеді. Өткен жылы шитті мақтаның тоннасы 320 мың теңгеден қабылданды. Бұл өз кезегінде мақта шаруашылығымен айналысатын агроқұрылымдардың әлеуметтік экономикалық жағдайының жақсаруына оң әсерін тигізді. Бүгінгі күнге мақта бағасының 1 тоннасы 374 мың теңгені құрады. Шитті мақтаны қабылдау үшін 18 мақта өңдеу зауытының 209 бірлік мақта қабылдау бекеттері жұмыстарын жүргізеді. Бүгінгі күнде зауыттар тарапынан тауар өндірушілерге жиын-терім жұмыстары үшін 150 – 250 мың теңгеден алдын ала төлем жасалуда. Мемлекет тарапынан күзгі жиын терім жұмыстарына 48 мың тн. жанар-жағар май (бағасы нарықтан 15-20 % төмен) және 522 түрлі минералды тыңайтқыштардың құнын 50 %-ын субсидиялауға бюджеттен 6 млрд.тг субсидия қаржысы бөлінді. Сонымен қатар 653 түрлі өсімдік зиянкестері мен ауруларына қарсы қолданылатын пестицидтер мен биопрепараттардың құнын субсидиялауға 521,4 млн.теңге қаржы қаралса, агроқұрылымдардың сатып алған тұқымының құнын арзандатуға 600 млн. теңге қаржы бөлінді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында ауыл шаруашылығы проблемалын ерекше атап өткен болатын: Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі.  Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін және оның қосымша құнын арттыру қажет. Бұл – стратегиялық міндет. Қазір тек бидай мен мал сатып отыратын заман емес. Үкімет агроөнеркәсіп саласын субсидиялаудың ұзақ мерзімге арналған жаңа тәсілдерін әзірлеуге тиіс. Бюджет қаражатының қайтарымы болуы керек. Мемлекет қаржыны оңды-солды шашып, ысырап етуге жол бермейді. Субсидия бөлуге және оның жұмсалуына жүргізілетін бақылауды күшейту керек. Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашып отыр. Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Ал, мал басы шамамен 25 пайызға көбейген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы. Қазір ауыл шаруашылығына арналған жер туралы толыққанды ақпарат жоқ. Жердің құнары, су ресурсы мен суару жүйесі және оның жолдары жайлы мәліметтер жан-жақта шашырап жатыр. Цифрлық платформа осының бәрін  бір жерге жинақтайды. Тұтастай алғанда, еліміздің агроөнеркәсіп кешені келесі жылдан бастап жаңа әрі тұрақты ереже бойынша жұмыс істеуі қажет. Игерілмей жатқан жерді қайтарып алу жөніндегі комиссияның қызметіне жеке тоқталғым келеді. Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды. Жылдың соңына дейін кемінде 5 миллион гектар жерді қайтарып алу жоспарланып отыр. Игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген жер көлемі 10 миллион гектарға жуықтайды. Үкімет пен әкімдіктер келесі жылдың соңына дейін осы жерлерге қатысты нақты шешім қабылдауға тиіс. Қазір жер мәселесін тексеруге жарияланған мораторий де күшін жойды. Бұл қадам жұмысқа оң ықпалын тигізеді деп ойлаймын. Ел экономикасын тұрақты дамытуға су тапшылығы қатты кедергі болып отыр. Қазір бұл ұлттық қауіпсіздік мәселесіне айналды. Сырттан келетін су азайып барады. Сол судың өзін тиімсіз пайдалану жағдайды одан әрі ушықтыруда.  Судың 40 пайызы құмға сіңіп жатыр. Бұл салада басқа да түйткілдер аз емес. Атап айтқанда, инфрақұрылым әбден тозған. Сондай-ақ, автоматтандыру және цифрландыру деңгейі төмен. Ғылыми негіздеме жоқ, мамандар тапшы.  Бұл мәселелерді шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру қажет, білімді сарапшыларды жұмысқа тарту керек. Қажетті мамандарды даярлау үшін бұл саладағы іргелі әрі мықты жоғары оқу орнын анықтаған жөн. Су саласын дамытудың үш жылдық жобасын әзірлеу керек. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі