Ақтөбеде 8 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

Ақтөбеде 8 мектепке жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама түсті

ашық дереккөзі

Inform.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Ақтөбеде 8 мектепке бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті. Полиция жедел тексеру жүргізді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Ақтөбе қаласындағы № 2, 14, 31, 25, 9, 35, 34, 17 мектептерге жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат түсіп, түске дейін оқитын балалардың барлығы эвакуацияланды. Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, хабарлама ІІМ-нің электронды поштасынан түскен.

«Полиция департаменті анонимді хабарламаның авторын анықтау және күдіктіні ұстау үшін жедел шараны қолға алды. Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің «Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ақтөбе облысының Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау қылмыстық құқық бұзушылық болып табылатынын және ҚР ҚК 273-бабында көзделген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын еске салады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Фото: inbusiness.kz

Жүктелуде...