Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Емшектегі сәбиді сұлтан қылған Шейх

Емшектегі сәбиді сұлтан қылған Шейх

Емшектегі сәбиді сұлтан қылған Шейх
ашық дереккөзі

Кайрат Лама Шариф – Шейх әл-Муаид әл-Махмуди өмірбаяның жазды, деп newsroom.kz хабарлайды.

Шейх әл-Муаид әл-Махмудидің өмірбаянын зерттеген мысырлық тарихшы әл-Бадр әл-Айн былай деп жазады: «Шеркеш Сұлтанатының билеушісі Қыпшақ мәмлүктері кезінде қолданыста болған дирхемнен бас тартып, күрдтік Аюбиттер дәуірінде пайдаланған динар атауына қайтып оралады. Динардың салмағы «мискәл» өлшем бірлігімен, яғни 4,68 грамммен есептелетін болды. Жергілікті халық бұл ақша реформасын қолдамайды. Олар күміс динарды «әл-муади» деп атап кетеді. Монетаның кері жағында «Ислам мен мұсылмандардың Сұлтаны» деп жазылған. Шейх әл-Муаид әл-Махмудиден кейін сұлтан болған шеркештер осы жаңа титулды өздеріне жапсырып айтқан.

Діндар шейх әл-Муаид әл-Махмуди поэзияны да жақсы көрген дейді, тіпті өлең де жазған. Ол сопылық салт-дәстүрлерді ұстанған, қартайған шағында кебенек шекпен киіп жүрген, тізесі қақсап ауырғанда жерге малдас құрып отыра салған».

Шейх әл-Муаид әл-Махмуди жүре алмай, төсек тартып жатып қалғанда шеркештердің басын қосып, тоқалдан туған екі айлық баласы әл-Мұзаффар Ахмед бен әл-Мугид келесі сұлтан болады деп өсиет айтады. Бес мың жылдық тарихы бар Мысырда мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған еді. Мұны естіген жергілікті халық жағасын ұстап, намысы оянады.

Шейх әл-Муаид әл-Махмуди 1421 жылдың 14 қаңтарында 52 жасында дүние салады. Шеркештер бесікке бөленген екі айлық әл-Мұзаффар Ахмед бен әл-Мугидті Сұлтан деп жариялайды, кейін жергілікті халықтың наразылығы өрши бастағанда сегіз айдан соң, яғни 1421 жылдың 29 тамызында сәби әл-Мұзаффар Ахмедті «билік басынан алып тастайды». Өкінішке орай, Мысырда дәрі-дәрмектің жоқтығынан балалар өлімі өршіп тұрған заманда 11 жасар әл-Мұзаффар Ахмед әкесі Шейх әл-Муаид әл-Махмудидің артынан бұл жалған дүниемен ерте қоштасады.