Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерландыға жеңілді

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерландыға жеңілді

Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерландыға жеңілді
ашық дереккөзі

Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогының топтық бәсекесі басталып, Қазақстан құрамасы Нидерланды құрамасына есе жіберді, деп newsroom.kz хабарлайды.

Қазақстан – Нидерланды матчында алғашқы болып командалардың екінші ракеткалары Михаил Кукушкин (221 АТР) мен Таллон Грикспур (48 АТР) кортқа шықты. Бірінші сет 30 минутқа созылып, 6:1 есебімен Таллонның пайдасына шешілді.   Екінші сетте Кукушкин 6:3 есебімен басым түсіп, есе қайтарды. Үшінші шешуші сетте Нрикспур 6:3 есебімен басым болып, құрамасын алға шығарды.  width=

Кездесуден кейін ойынға қатысты Михаил Кукушкин ойымен бөлісті. «Бұл қатардағы бір қарапайым турнир болса, мен 1:6, 0:6 есебімен жеңіліп қалар едім, өйткені қарсылас шыны керек менен бір бас жоғары ойнады. Бірақ, бұл құрама сапындағы ойын болғандықтан, ел намысы тұрғанда, аянып қалмауға тырыстым, жанкүйерлердің сенімін ақтау үшін соңына дейін бар күшімді салдым. Бүгін өкінішке қарай жолым болмады»,- деді қазақстандық теннисші.

Екінші ойында Александр Бублик (44 АТР) пен Ботик ван де Зандсхулп (35 АТР) кім мықтыны анықтады. Жеңіс қарсыластың еншісінде кетті. Қорытынды есеп: 6:3, 1:6, 4:6.

 width=

Үшінші ойында, жұптық кездесуде ел намысын Александр Бублик пен Александр Недовесов қорғады. Қазақстан жұбы Матве Мидделкоп – Уэсли Колхофты 6:4, 1:6, 6:3 есебімен ұтты. Келесі кезеңде Қазақстан командасы АҚШ-пен ойнайды. Бұл бәсеке 15 қыркүйекке жоспарланған.

Плей-офф кезеңіне үздік екі команда жолдама алады.

D тобында аталған екі командадан бөлек АҚШ және Ұлыбритания құрамалары ойнайды.