Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
13 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Орыс тілінде сөйлеседі: «Болашақ» түлегі күйіп кетті

Орыс тілінде сөйлеседі: «Болашақ» түлегі күйіп кетті

Орыс тілінде сөйлеседі: «Болашақ» түлегі күйіп кетті
ашық дереккөзі
«Болашақпен» Англияда оқып келгендердің телеграмда ортақ чаты бар. Негізінен орыс тілінде сөйлеседі – деп белгілі журналист Абай Отар өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ашына жазды. Оның жазуынша арасында ағылшынша да жазылады екен. Ал ол секілді қазақша жазатындар санаулы ғана. Тіпті, кейде оның қазақша қойған сұрағы жауапсыз қалатын көрінеді. Сонда қазақ елінің һәм қазақ халқының ақ білегі мен ақ найзасының күшімен қорғалған табиғи байлығы мен қазақстандықтардың салығына оқып келген «болашақтықтар» қазақ тілін менсінбейді ме деген заңды сауал редакция тілшісінің тарапынан туындағаны жасырын емес.
«Өз ана тілін құрметтемейтін болса, онда мемлекет не үшін ақша төлеп оқытты? Болашаққа құжат өткізгенде бәрі қазақ тілін білетіні туралы сертификат өткізеді. Сонда қалай болғаны?» - деген Абай Отардың сауалын ашық қалдырып, оны қадірлі оқырман өзіңізге бағамдауды ұсынамыз.
Сіз не дейсіз? Тағы да 30 жыл қазақ тілінің жағдайын талқылап, ана тілді «қолдауға» қыруар қаржы бөлінгенін қалайсыз ба? P.S. Айтқандай Абай Отар жазбасының соңында су жаңа министр және депутаттық антын Бісмілләмен бастаған Sayasat Nurbek-ті тегтеп кетіпті. Қоғамға ашықтығымен танылған және өзі де «Болашақ» түлегі болған министр не деп жауап береді екен?   Фото: zhasalash.kz