Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
7 қыркүйек, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Дархан Сатыбалды «Қапшағай» су қоймасын жөндеу жұмыстарымен танысты

Дархан Сатыбалды «Қапшағай» су қоймасын жөндеу жұмыстарымен танысты

Дархан Сатыбалды «Қапшағай» су қоймасын жөндеу жұмыстарымен танысты
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Бәйдібек ауданына жұмыс сапарында «Қапшағай» су қоймасына барып, жұмыс барысымен танысты, деп newsroom.kz хабарлайды. Аудан үшін ғана емес, облыс үшін маңызды страатегиялық нысанды жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Жауаптылармен, мердігермен кездескен облыс әкімі су қоймасының құрылысы қоғам назарында тұрғанын жеткізді. Маңызды құрылыстың сапалы жүргізілуінің қатаң бақылауда болатынын ескертті. 1982 жылы салынған «Қапшағай» су қоймасының сыйымдылығы – 34,5 млн. текше метр. Қазіргі таңда 5,5 млн. текше метр су бар. 2019 жылы су қоймасын реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге жобалық-сметалық құжат жасалған. Нәтижесінде жалпы құны 1,1 млрд. теңге қажет екені нақтыланған. 2020 жылы мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» ЖШҚ РМК арқылы қаржыландыруға ұсынылған. Қазіргі таңда бюджеттен 192 млн. теңге қаржы қаралып, 6030 метр су қойманы қоршау және 58 дана бейнекамера, 1 қызметтік үй салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 2023 жылы толық күрделі жөндеу жұмыстары атқарылмақ. Өңір басшысы Шаян елді мекеніндегі 100 000 кітап қорына арналған орталық кітапхана құрылысын көрді. Құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Аталған нысанның қабырғалары толық қаланған. Жаңа кітапхананың бірінші және екінші қабатында келушілерге арналған оқу залдары болады. Облыс әкіміне кітапхана құрылысының жай-күйі баяндалды. Қосымша қаржыландыру мәселесі көтеріліп, оны шешу жолдары қарастырылды. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі