Forbes.kz дереккөздеріне сүйене отырып, клиенттерге кезекте қалуды және модельдер өндірісінің қайта басталуын күтуді немесе басқа Hyundai моделіне кезекке тұруды ұсынуда, деп newsroom.kz хабарлайды.
Тоқтата тұру туралы хабарлама 22 тамызда Astana Motors сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланды.
"Hyundai Trans Kazakhstan зауыты Hyundai Accent және Hyundai Creta модельдерін шығаруды уақытша тоқтатты. Геосаяси жағдайға байланысты көктемде Ресей Федерациясынан компоненттер жеткізу тоқтатылды. Осы уақыт ішінде Hyundai Motor Company-мен басқа елдерден компоненттерді жеткізуге шұғыл квота туралы келісті. Қазіргі уақытта одан әрі жеткізу және жаңа логистикалық тізбектер туралы мәселе пысықталуда. Қолда бар барлық компоненттер игерілді. Жақын арада жаңа жеткізілімдер күтілмейді".
Компания Hyundai Accent және Hyundai Creta автомобильдерін күтетін клиенттерді назардан тыс қалдырмайды. Дилерлік орталықтардың менеджерлері клиенттермен түсіндірме жұмыстарын жүргізуде: сатып алушыға кезекте қалуды және модельдер өндірісінің қайта басталуын күтуді немесе басқа Hyundai моделіне кезекке тұруды ұсынуда.
Қорытындылай келе, “Hyundai Trans Kazakhstan зауыты автомобиль өндірісін ұлғайту бойынша міндеттемелерден бас тартпайды және модельдік желісін кеңейтеді. Дилерлік орталықтарда қазірдің өзінде i30 ұсынылған, жақын арада Bayon ықшам кроссовері келеді”.
Келіссөздер жүріп жатыр және Біз жиынтықтауыштарды жеткізуге үміттенеміз, бірақ мерзімдерді белгілеу мүмкін емес, деп хабарлады Astana Motors.
Фото: forbes.kz