Түркістан: Сенаторлар Қазығұрт шаруаларының жұмыстарын оң бағалады

Түркістан: Сенаторлар Қазығұрт шаруаларының жұмыстарын оң бағалады

ашық дереккөзі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Ә.Бектаев пен С.Құртаев жұмыс сапарымен келді, деп newsroom.kz хабарлайды. Арнайы ауданға ат басын бұрған сенаторлар аудандағы ауыл шаруашылығында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Атап айтар болсақ, «Бірлік» өндірістік кооперативінің қарқынды бауының алма жинау науқанына қатысып, ұжыммен кездесті. Соңғы 10 жылда аудан көлемінде алма баудың көлемі 604 гектарға жеткен. Ал «Бірлік» өндірістік кооперативінде ауданның жүздеген тұрғыны жұмыспен қамтылып, қарқынды бау көлемі – 120 гектарды құрап, бүгінгі таңға 500 тоннадан артық алма жиналған. Сенаторлар қазығұрттық диқандардың жұмысын жоғары бағалады. Сонымен қатар сенаторлар аудан кәсіпкерлері және шаруа қожалық төрағаларымен жүздесіп, олардың өтініштері мен сұрақтарына жауап берді. Айта кетейік, ауыл шаруашылығына жарамды жері 3940 мың гектар, 2935 агроқұрылымы бар. Қазіргі таңда Қазығұрт ауданында аудан әкімдерінің басқаруымен көптеген жаңа ғимараттардың салынуы бой көтеріп келеді. Әр қиылысқа қойылған бағдаршамдардың да рөл ойнайтыны расталған. Сонымен қоса кез келген аудан тұрғыны қиналмай өз заттарын сатып ала алатын орталық базарың да көлемі жыл өткен сайын үлкейуде. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...