Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 тамыз, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр

Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр

Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан қаласында «Нәтиже» пилоттық жобасы биыл мамыр айынан іске қосылды, деп newsroom.kz хабарлайды. Қызмет көрсетуші мекемелердің жауапты қызметкерлері нақтыланып, тізімі мен кестесі бекітілді. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау (бұдан әрі – қабылдау) Түркістан қаласы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің (бұдан әрі – Бөлім) лауазымды тұлғаларымен және қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің мемлекеттік қызметкерлерінен құралған Халықтық кеңсе арқылы жүзеге асырылады. Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсететін қалалық әкімдіктің 7 дербес бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік қызмет көрсету саласында кеңес беруді жүзеге асырады Сондай-ақ қала әкімдігі жанындағы халықтық кеңседе жауапты мемлекеттік қызметші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету, кеңес беру, канцелярия қызметкері «Е-өтініш» ақпараттық жүйесінде азаматтардың өтініштерін тіркеп, қала әкімінің және орынбасарларының жеке қабылдауына тіркеу жүргізіледі. Жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау тәртібі. Қағаз форматтағы, оның ішінде қолма-қол келіп түсетін өтініштер және Фронт-офиске келіп түскен өтінімдер негізінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерінің өтініштерін қабылдау және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласы бойынша консультативтік көмек беру күн сайын, жұмыс күндері сағат 9.00-ден 19.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 15.00-ге дейін. Сонымен қатар, Пиоттық жобаны іске асыру мақсатында, әкімдіктің және Халықтық кеңсенің айдарына: 1. Мемлекеттік корпорациялар мен әкімдіктердің жұмысы бойынша пилоттық жоба іске қосылды, 2. Халыққа қызмет көрсету орталығы және азаматтардың өтініштерін қарау бөлімінің бірлескен жұмыстарына арналған пилоттық жоба іске қосылды, 3. «Нәтиже» орталықтарындағы әкімдік пен ХҚКО қызметтері ұсынылған. Nur.kz дереккөздеріне сүйене отырып айта кетейік, "Нәтиже" мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы халыққа қызмет көрсету процесін азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету мақсатында әзірленді және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізілетін болады. Ағымдағы жылдың мамыр айында ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бастамасымен Қостанай, Павлодар, Түркістан облыстарының әкімдіктерімен бірлескен "Нәтиже" мемлекеттік қызметтер алу және өтініш беру орталығы пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Жоба "бір терезе" қағидаты бойынша әзірленген және азаматтардың өтініштерін қабылдауды, өтінішкерлердің сұрақтары бойынша консультациялар жүргізуді, мемлекеттік қызметтер көрсетуді бір алаңға шоғырландырудың көрінісі болып табылады. Жобаның арқасында өңірдің әрбір тұрғынының қызмет ресімдеу, өтініш тіркеу, өзін қызықтырған сұрақтар бойынша мамандардың кеңесін алу, сондай-ақ әкімнің және жергілікті атқарушы органдардың бөлім басшыларының жеке қабылдауына жазылу мүмкіндігі бар. Пилоттық жоба халыққа қызмет көрсету процесін азаматтар үшін әлдеқайда қолайлы әрі қолжетімді ету үшін әзірленді және 2022 жылдың күзіне дейін үш өңірде сынақтан өткізілетін болады. Азаматтар тарапынан жоба ыңғайлы әрі қолжетімді сервис ретінде танылған жағдайда 2022 жылдың күзінде Қазақстан Республикасының барлық өңірге ауқымды енгізу кезеңі қолға алынатын болады. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі