Tengrinews.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Израиль мен Палестина Египеттің делдалдығымен бітімге келді, деп newsroom.kz хабарлайды.
Израиль күштері демалыс күндері Палестина нысандарына шабуыл жасап, қалаларға зымыран шабуылдарын жаудырды. Кикілжің Нұр-сұлтан уақыты бойынша сағат 01:30-да бітім күшіне енген кезде ғана тоқтатылды.
Бұл Палестина мен Израильдің жеке мәлімдемесінде жарияланды, олар Мысырға атысты тоқтатуға делдал болғаны үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, тараптар арасындағы қақтығыс 5 тамызда шиеленісіп, Газа секторы топтары мен Израиль армиясы арасындағы өзара атыс бірнеше күнге созылды.
Фото: tengrinews.kz