Қазақ тарихына қатысты тың сурет табылды (фото)

Қазақ тарихына қатысты тың сурет табылды (фото)

ашық дереккөзі

Тарихи сурет
Орны: Маньчжурия (满洲国)
Уақыты: 1934.ж
Межесі: Ақ орыс әскері (ақтар)
Мақсаты: Коммунизмге қарсы тұру, совет одағын құлату
Бірінші сурет: Маньчжурия респубиликасындағы ақ орыс бюросының кезекті бір жиналысы, 1934.ж желтоқсан айы. Қалған суреттер, Жапон империясы құрған Маньжчуриядағы ақ орыс армиясы.
Түсініктеме: 1917-18 жж азамат соғысы кезінде неше он мыңдаған ақ орыс әскері Маньчжурияға қашып барып жансақтады. Кейін Маньчжурия жеке республика болып өз тәуелсіздігін жариялады. Респубилика құрамындағы ақ орыс әскерлері 1930 жылдан соң Жапонияның "Азия саясатында" маңызды стратегиялық нысанға айналды. Көп өтпей Маньчжуриядағы ақ орыс иммигранттарының мәселесімен айналысатын бюро құрылды. Бас аяғы қысқа уақыт ішінде неше он мың ақ орыс әскері Маньчжурияда қайта жасақталды. Бұл жағдай Екінші Жаһан соғысына дейін тоқтаусыз жүрді. Ең қызық оқиға, сол жылдары (1932-34) Жапон империясы Шыңжаң өлкесіндегі ақ орыс әскер қалдықтарын да өз саясатына тарта бастады. Маньчжуриядағы орыс бюросы олармен жіті байланыс жасап тұрды. Тіпті өңірдегі саяси іс-қимылға белсенді қатысуға желіктірді және материялдық-моральдық көмек жасады. Үрімжі қ-сындағы мыңдаған ақ орыс әскери қалдықтары өлке губернаторы Цзинь Шужэнь билігін төңкеру операциясына қатысты. Бірақ аймақтағы саяси төңкерісті бақылап отырған совет одағы, ақ орыстардың саяси және әскери күш алып кетуін тосу үшін жергілікті қытай билігін қолдауға көшті. Нәтижесінде ақ орыс әскерилерінің саяси төңкерісі сәтсіз аяқталды. Бірақ Маньчжуриядағы ақ орыс бюросы бұнымен тоқтап қалмады. 1937 жылы қытайға ашық соғыс жариялаған Жапон империясы сол жылы он мыңдаған ақ орыс армиясын Моңғолия арқылы Шыңжаң өлкесін басып алуға дайындай бастады. Бірақ бұл әскери ақпарат совет НКВД-сына күні бұртын жеткендіктен Мәскеу "Шыңжаң мәселесі" бойынша арнайы құпия қаулы қабылдады. Қаулы негізінде өлкенің ең шығыс округі Құмыл қ-сында совет одағының әскери әуе базасын құрды. Ішкі қытайдағы партизан коммунист қытайларды Моңғолия-Шыңжаң-Гансу үш ел шекара зонасында партизандық әскери база құруға шақырды және көмектесті.
 width=
Жапон империясы сыртқы барлау қызметі Шыңжаң өлкесі туралы маңызды ақпараттар топтастырды. Ең алдымен аймақтың географиялық, этникалық және әкімшілік картасын жасады. Сол жылдары бұндай сауатты жасалған ғылми карта қытай билігі Гоминьдан үкіметінде де болмады. Сосын Жапон империясының сыртқы барлау қызметі өңірдегі қазақ, ұйғыр және торғауыттардың (моғол) зиялы қауым өкілдері мен жас буын интеллектерін өзіне тарта бастады. Тіпті кезінде Жапонияда білім алып кейін Шыңжаң өлкесінде әртүрлі қызметте жүрген қытай, маньчжур өкілдерін де назардан тыс қалдырмады.
Германияда "Түркістан легионы" қалай құрылса Маньчжурияда дәл сондай жобамен жарияланбаған "легиондар" құрылды. Соның бірі ақ орыс армиясы. Саны неше он мыңға дейін жеткен Маньчжурия ақ орыс армиясы жеке әскери күшке айналып үлгерді. Армия құрамында патшалық ресей кезінен бері тұрақты әскери қызметте болған аса маңызды әскери тұлғалар бар еді, олар Жапон империясы үшін таптырмас күш-тұғын.
Атап өткен ақ орыс армиясының Маньчжуриядағы кейінгі тарихы күрделі жағдайда аяқталды. Маньчжурия респубиликасы құлап, Жапон империясы тізе бүккен соң ақ орыс армиясы да иммиграцияның мәселелерімен айналысатын бюро да бірге құрдымға кетті.
02.08.2022

Жүктелуде...