Үкіметбасы баһадүр: Балтабек премьерге өлең арнап тастады

Үкіметбасы баһадүр: Балтабек премьерге өлең арнап тастады

ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде жазба ақындығымен кеңінен танылған Балтабек Нұрғалиевтің кезекті шығармашылығы ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайыловқа арналған деп жазады newsroom.kz порталы. Айта кететін жайт, Балтабек Нұрғалиев  – 1990 жылы 16 маусым күні Ақтөбе облысы, Шалқар қаласында дүниеге келген. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының түлегі. Мамандығы – режиссер. Халықаралық Шабыт фестивалінің лауреаты.

"Ерулі атқа ер салдың,

Еңку-еңку жер шалдың.

Темірқазық жастандың,

Қу толағай бастандың,"

Үкіметбасы баһадүр –

Әлиханы Асханның!

Батыр Мақсат Толықбай,

Сұхбат алды қорықпай!

Сіз ұғатын ойларды,

Отырғандай ол ұқпай!

Тоқсан ауыз көп сөзді,

Түйін еттің тобықтай!

Сізді тыңдап, қарадым,

Бұл өмірден торықпай!

Әрбір айтқан сөзіңе,

Қосыламын толықтай.

Жойылмауы теңгенің,

Бұл бір – ерен еңбегің.

Тұрақты қып бағамды,

Құлдырауға бермедің.

Ел ырысын еселеп,

Едігедей ерледің!

Қымбатшылық әлемдік,

Емес бүгін елге мұң!

Үкіметте кінә жоқ!

Президентке шүбә жоқ!

Монополистер ісі бұл,

Қуған ақша, дүние боқ!

Ойлары жоқ "елім" дер,

Ойлары жоқ "жерім" дер.

Отанын да сататын,

Ылғи мешкей кеуілдер.

Бәрімізге жететін,

Елге қызмет ететін,

Аман-есен салыңыз,

Атом-Жарық бекетін!

Инвестиция тартылып,

Қаражат тұр артылып.

Металл, мұнай, газымыз

Қалмасын тек сарқылып.

Бүгін, міне, халық – бай,

Күн кешуде тарықпай.

Бай болудан қалайша,

Отыр екен жалықпай?!

Құрметпен, Балтабек Нұрғалиев

Жүктелуде...