Қатты шаба алмайды: белгілі ақын әлжелідегі негатив неден туатынын айтты

Қатты шаба алмайды: белгілі ақын әлжелідегі негатив неден туатынын айтты

ашық дереккөзі

Қазір фейсбукке кіргенде құрығанда бір пендеге көтеріңкі көңіл күй сылауға тырыспасаң, тек негативке есірткіше елітіп кеткендерге жаның ашиды екен – деп жазды танымал ақын Еркеғали Бейсенов өзінің фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

«Нашар тұрмыстан қажыған және **** (редакция түзетуі) жетіспей жүрген адамдардың көкірегіне кек қатып, миларына қан жүгірмей, көзіне іліккенге құзғынша атылып жүреді дейді ғой. Сол рас сияқты. Қарап отырсаң, осында ұрынарға қара таппай отырғандардың көбін танимын. 30-40 жас шамасындағылар сүр, одан асқандары ажырасқан. Байы, қатыны барлар да әжептәуір неғылып болып қалғандар. Қатты шаба алмайды» - деп ой түйеді ол.

«Сосын артық салмақ та адамды жалқауландырып, жатыпішер һәм жатыпжазар етеді екен. Мында әркімнің жазбасына ұрынып, дұрысын да бұрыс деуді әбден әдет етіп алғандардың көбі семіз.

Жә, олар бүлдіретінін бүлдіре берсін, біз күлдіретінімізді күлдіре берейік!» - деген Е.Бейсеновтің жазбасы қызу талқыға түскен.

Мәселен, Beglan Sharınbaі есімді қолданушы: «радикалданып кеткен.Негатив пен жағымсыз энергияны солар таратады.Бұлда бір секта сияқты екен» - деп жазса, Гала Бақтыбай «әйтеуір бір адам түсінді-ау» - деп ой бөліскен.

Ал, Сіз қалай ойлайсыз, құрметті оқырман?

Жүктелуде...