Біздің қоғам сандырақтап ауырып жатыр – деп жазды белгілі эколог Сәкен Ділдахмет өзінің фейсбук желісіндегі жеке парақшасында.
Оның жазуынша: «бірі сақал қойып, әйелді маталап, дәстүрден бас тартқан. Екіншісі қазақ болу ұят, ол тілді меңгеру қажет емес деп, өзінен безген. Үшіншісі біз әлсізбіз деп, еркек пен еркекті, әйел мен әйелді қосуда дым жоқ деп құқықтарын айқайлауда» - екен.
«Сонда не болдық? Ықылым заманнан бері аман-сау қалған дәстүріміз, салтымыз, дініміз далада қалды ма?!» - деп күйіне жазды С.Ділдахмет.
Сіз не айтасыз, құрметті оқырман? Біздің қоғам қазір сау ма, ауру ма?