Nur.kz дереккөздеріне сүйене отырып, Қарақалпақстанда енгізілген төтенше жағдай режимі жеңілдетілді деп newsroom.kz хабарлайды.
Бұл туралы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов Telegram-дағы ресми-арнасында хабарлады.
Асадовтың мәліметінше, Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстандағы жағдайдың тұрақталғанын және тұрғындардың қалыпты өміріне қайта оралғанын ескере отырып, елде ТЖ режимін жеңілдету туралы шешім қабылдаған.
Оған сәйкес, енді комендаттық сағат түнгі 23:00-ден таңғы 05:00-ге дейінгі аралықты қамтиды.
Осыған дейін комендаттық сағат 21:00-ден 07:00-ге дейін жалғасқан болатын.
Шерзод Асадов тиісті жарлыққа Өзбекстан президенті қол қойып, бекіту үшін Олий мәжілісіне жіберілгенін атап өтті.
Айта кетейік, Қарақалпақстанда төтенше жағдай режимі шілденің басында болған елдегі тәртіпсіздікке байланысты енгізілген еді.
Қарақалпақстанда тәртіпсіздікке ұласқан шерулер Өзбекстан Конституциясына енгізілгелі отырған түзетулерге байланысты туындаған болатын.
1992 жылдың 8 желтоқсанында қабылданған құжатта Қарақалпақстан референдум негізінде Өзбекстан құрамынан шығуға құқығы бар егемен ел деп көрсетілген. Алайда Конституцияға енгізілгелі отырған жаңа түзетулерге сәйкес, бұл норманы алып тастау көзделген еді.
Халықтың наразылығынан кейін Шавкат Мирзиеев Қарақалпақстан егенмендігіне қатысты Конституцияға енгізгелі отырған түзетулерді алып тастау туралы қаулыға қол қойды. Одан бөлек Нүкістегі тәртіпсіздіктер кезінде 18 адам қаза тапқаны айтылды.
Фото: Abai.kz