Қазақ тарихына тағы бір олжа. «Хабар 24» дереккөздеріне сүйене отырып, Шымкенттік археологтар «Қызылжар» қорымындағы қазба жұмыстары кезінде 2 мың жыл бұрын өмір сүрген жауынгер ханшаның сүйегін тапты деп newsroom.kz хабарлайды.
Қабірден сол дәуірдің қару-жарағы мен әшекей бұйымдары да шықты. Археологтардың болжамы бойынша бұл сармат тайпасына тиесілі көрінеді. Жауынгер әйелдің обасы археологтар үшін нағыз олжа болды. Олардың айтуынша, бұл қатардағы адамның сүйегі емес. Өйткені оның жанынан жебе, садақ, қанжар мен алтын жалатылған моншақтар, қола зергерлік бұйымдар да табылды.
Александр Подушкин, археолог, профессор:
Қорымның диаметрі 22 – 25 метр. Бұл жерге атақты адамның жерленгенін оның өлшеміне қарап айтуға болады. Ол белгілі бір топтың қолбасшы әйелі де болуы мүмкін.
Жер астында ғасырлар бойы көміліп жатқан заттар қатты бүліне қоймаған. Профессор Александр Подушкиннің айтуынша, бұл самрат тайпасына жататын шамамен 50 жастағы жауынгер әйел болуы мүмкін.
Александр Подушкин, археолог, профессор:
Қазақстанның оңтүстігі этникалық сарматтардың аумағы болып саналмайды. Бірақ бізде оны жоққа шығаратын материалдар бар. Бұл зерттелген ақпарат.
Көрші қорымда тағы бір ежелгі әйелдің обасы табылды. Бірақ тарихшыларды оның жеке заттары, яғни қола айна мен инешек қызықтырды.
Екатерина Асадчева, студент:
Айна адамның бейнесі сияқты. Бірақ адамдар оны сындырып салған. Белгілі бір жерлеу рәсімі болса керек.
Ал мына бір тақтаға 2 жарым мың жылдан асады. Қыш кестесі Күлтөбе қалашығынан табылған. Бұл экспедицияның 26-олжасы.
Археологтардың айтуынша, табылған заттар ежелгі адамдардың жоғары өркениетін көрсетеді. Олардың бәрі де музейге табысталады. Ал қазба жұмыстары жүргізілген аумақ бастапқы қалпына келтіріледі.
Айта кетейік, Түркістан облысы көне замандардан бері Қазақстан және Орта Азия елдері үшін аса маңызды рөл атқарған. Ұлы Жібек жолы өткен өлкелер мәдениет пен сауда-саттық, өркениеттің алтын көпірі болып жатты. Отырар, Исиджаф (Сайрам), Сығанақ, Сауран, Созақ, Түркістан (Яссы) қалалары тек сауда-саттықтың ғана емес, өнер мен ғылымның орталығы бола білді. Осы өлкенден шыққан Әбу-Насыр Әл-Фараби Аристотельден кейінгі шығыстан шыққан екінші ұстаз атанды. Қожа Ахмет Яссауи, Қорқыт, ата жырлары өшпес мұраға айналды. Ал, орта ғасырларда тұрғызылған Қожа Ахмет Яссауидің, Арыстан баб, Ысқақ баб, Әбділ-Әзиз, Мірәлі баба, Қарашаш ана, Ибрагим ата, Аппақ Ишан бабалардың кесенелері ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келеді. Түркістан қаласы ғасырлар бойы халқымыздың діни орталығы болып келді. Ал, ХVІ ғасырдан ХІХ ғасырға дейін қазақ хандары отыратын киелі мекенге айналды.
Фото: turkystan.kz