Zakon.kz дереккөздеріне сүйене отырып, жапондық БАҚ-тардың хабарлауынша, Жапонияның экс премьер-Министрі Синдзо Абэ оған жасалған қастандықтан кейін қайтыс болды деп newsroom.kz хабарлайды. Әлемдік саясатшыға 67 жыл болды.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 8 шілдесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 11:30-да Нара қаласында Синдзо Абэге қастандық жасалған болатын. Абэнің көшедегі қойылымы кезінде белгісіз адам оған оқ жаудырды. Синдзо Абэ ауруханаға қан кетумен және ес-түссіз күйде жеткізілді.
Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, Жапонияның бұрынғы премьер-министрі Абэ қастандықтан кейін тірішілік белгілерін көрсетпеді.