weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
30 маусым, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Дәурен Абаев Төлебидегі «Суретшілер үйінде» қылқалам шеберлерімен кездесті

Дәурен Абаев Төлебидегі «Суретшілер үйінде» қылқалам шеберлерімен кездесті

Дәурен Абаев Төлебидегі «Суретшілер үйінде» қылқалам шеберлерімен кездесті
ашық дереккөзі
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі дереккөздеріне сүйене отырып, Түркістан облысына Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев іссапармен келді деп newsroom.kz хабарлайды. Мәдениет саласына жауапты министр былтыр Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі аясында Аққұм ауылында ашылған «Суретшілер үйінің» жұмысымен танысты. Өңірдің талантты қылқалам шеберлерінің көрмесін тамашалады. Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі Құттыбек Жақыповпен пікірлесті. Министр қазақ ұлттық гобелен өнерінің үздігі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Құрасбек Тыныбековтің туындыларымен танысты. Дәурен Әскербекұлы іссапар барысында қылқалам шеберлерімен кездесіп, жас таланттарға шығармашылық шабыт тіледі. Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі