«Солтүстікке қоныс аударғандарға жеке қордан мемлекеттік емес санаттағы баспаналардан алып беріп жатырмыз » - «Бала-шағамен Солтүстікке» жобасы аясында Шал ақын ауданына 5 отбасын көшірген Дәулет Мұқаев осылай деп отыр. Қоғам белсендісі YouTube-тағы «Сұрауы бар» арнасының подкастына қатысып, әзірге Үкіметтен көк тиын берілмегенін мәлімдеді деп newsroom.kz хабарлайды.
«Үй 3 жылдан кейін барып атына аударылады. Алдағыны уақыт көрсетеді. Егер дұрыс менеджмен болса, ешкім кері қайтпайды ғой. Егер мен Үкіметтің үйін алатын болсам, ол отбасылар солтүстікте бір жыл тұрмай көшіп кетеді. Өйткені үйлері сапасыз салынған. Оны Үкіметтің өзі де мойындады. Орысша айтқанда «провал» болды деді. Енді істейтінадамға береміз деген мәселе талқыланып жатыр», - деді Дәулет Мұқаев.
Бұған дейін Дәулет Мұқаев Вице-Прмьер Ералы Тоғжановтың қабылдауында болған. Үкімет өкілі оған мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетінін айтқан.
«Бұл менің жеке идеям болды. Эксперимент ретінде «Бала-шағамен қаладан ауылға» жобасын қор аясында жүргізгенбіз. Пандемия кезінде ірі қалада пәтерін төлей алмай жүрген 5 отбасын көшірдік. «Қалада жұмысың, баспанаң жоқ болса, 2 сиыр алып берсем, ауылға барасыздар ма?» деп оқырмандарымнан қалжыңдап сұраған едім. Кейін іске асып кетті. 4900 мың өтінім түсті. Бірақ 5 отбасын таңдап, жібердік. Бір жыл бойы 42 500 теңгеден беріп отырдық. 2 сиыр, үйін алып бердік. Бала-шағасына мектепке баруға жағдай жасадық. Сол көшірген отбасылардың 2 сиыры қазір төртеу болып отыр. Біз көбіне көпбалалы отбасыға басымдылық береміз» - дейді Дәулет Мұқаев.
Бұл сұхбаттың толық нұсқасын
«Сұрауы бар» YouTube арнасынан көруге болады.
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=OcsKHtP0APU&t=755s[/embed]