Алматыда заңсыздық: көпқабатты тұрғын үй бұзылады

Алматыда заңсыздық: көпқабатты тұрғын үй бұзылады

ашық дереккөзі

Tengrinews.kz дереккөздеріне сұйене отырып, Алматыда шағымдардың көп болуына байланысты Шұғыла ықшамауданындағы Байтелі батыр көшесі 24 адресі бойынша заңсыз салынып жатқан көпқабатты үй бұзылады деп newsroom.kz хабарлайды.

Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша тұрғындардың көптеген өтініштеріне байланысты заңсыз салынып жатқан 12 қабатты көппәтерлі үйді бұзу туралы мәселе туындағанын Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Алматы қалалық сотының қаулысымен қала құрылысын бақылау басқармасының талап арызы қанағаттандырылды: сот нысанды бұзуға қаулы шығарды.

"Құрылысты бұзу 1 шілде күні сағат 10:00-де басталады", - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін қала құрылысын бақылау басқармасы азаматтардың өтініштері негізінде осы нысанда тексеру жүргізген болатын. Нәтижесінде, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында бірқатар бұзушылықтар анықталды, әкімшілік хаттамалар жасалды.

Фото: tengrinews.kz

Жүктелуде...