Тоқаевтың Қазақстанның Ататүркі болып тарихта қалуына мүмкіндік бар. «Сұрауы бар» YouTube арнасының жүргізушісі Ербол Сейілханға берген сұхбатында қоғам белсендісі Арман Шораев осылай деп мәлімдеді.
Журналист Ербол Сейілхан Шораевқа: «Егер Тоқаев халық үніне құлақ асып, әділдік жолын ту етсе, Елбасы сияқты 3 қызына, аға-інілеріне, жиендеріне, құда-жекжаттарына, дос-жарандарына, бұрмай, «бүйректен сирақ» шығармай бұра тартпаса Қасым-Жомарт емес, ӘДІЛ-ЖОМАРТ деген атпен қалуға мүмкіндігі бар емес пе?» деп сұрақ қойған болатын.
«Иә, болады. Ол үшін саяси ұстанымы болуы керек. Петерборда сөйлеген сөзіне қарасақ қорықпай, жалтақтамай ең үлкен агрессордың бетіне айтып салса, өз елінде де әрине реформаларды жүргізе алады деп ойлаймын» - дейді Арман Шораев.
Қоғам белсендісі Президенттің туыстарын мемлекеттік қызметке жақындатпау туралы ұсыныстарды Ұлттық сенім кеңесінің алғашқы отырысында айтқанын жеткізді.
«Бізге Президент туралы заңға өзгерту енгізу керек деп айтқанмын. Ешқандай туыстары, жақындары мемлекеттік қызметте немесе квазимемлекеттік қызметте болмауы керек деген сияқты. Наурыз айында жолдау жасаған кезде ең бірінші Қасым-Жомарт ағамыздың айтқан өзгерісі дәл менің айтқанымды қайталап шықты» - деді белсенді сұхбатында.
Соңғы уақытта мәлімделері халықтың көңілінен шығып жүрген Қазақстан Президентінің түбегейлі реформалар жасауға саяси ерік жігері жетеді деп есептейді, Шораев.
Сұхбаттың толық нұсқасы төмендегі сілтемеде
[embed]https://www.youtube.com/watch?v=8H-7u5O4j4U[/embed]