Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 маусым, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Барыс онда көп табыс: 481 млн тг алатын хоккейші бар екен

Барыс онда көп табыс: 481 млн тг алатын хоккейші бар екен

Барыс онда көп табыс: 481 млн тг алатын хоккейші бар екен
ашық дереккөзі
Қымбатшылық қысып, елдің экономикасы тұралап тұрғанда «Барыс» хоккей клубы ойыншыларымен «ерекше» келісім-шарт жасасып жатыр – деп жазды танымал журналист Мақсат Толықбай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Оның жазуынша, бұл команданы «Самұрық Қазына» қаржыландырады. Қор Үкіметке қарасты. Яғни, ондағы қаржының сұрауы болуы керек!
«Мәселе мынада. «Барыс» Никита Михайлис деген ойыншыға жылына 401 миллион теңге төлейміз деп шешім қабылдапты. Өткен аптада әріптестер бұл мәселені көтерді. «Барыс» та, «Самұрық Қазына» да үнсіз. Бұл аздай, енді Линдей Вей деген шетелдік ойыншыға бір жылдық шарт ұсынып, қазіргі (рубль – теңге ) курсымен 481 миллион теңге жалақы төлемекші» - деп ашына жазды М.Толықбай.
«Айналайындар-ау, айына 40 миллион теңге жалақы ұсынатындай, ол қыруар қаржыны демеуші өз қалтасынан шығарып отыр ма? Кәсіби клубтарды қаржыландыруды тоқтату керек! Одан да ол ақша бұқаралық спортты дамытуға жұмсалсын» - деген танымал журналистің жазбасы желіде қызу талқыға түсті.