Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ратбек Демеуберген «Суға шомылу маусымындағы қауіпсіздік» тақырыбында онлайн брифинг өткізді. Ыстық күндердің басталуымен елорданың су объектілерінің жағалауында демалатын тұрғындар ағыны ұлғаюда, осыған байланысты, Нұр-Сұлтан қаласы ТЖ Департаменті (бұдан әрі – Департамент) адамдардың суда қаза болуы мен жарақаттануын болдырмау бойынша барлық қажетті іс-шаралар қарқынды жүргізуде деп жазады newsroom.kz.
Департамент Полиция қызметкерлерімен, Ұлттық ұланмен, еріктілермен және Жұмыспен қамту орталығының қоғамдық қызметкерлерімен бірлесіп күн сайын қаланың су айдындарында патрульдеу жүргізеді, оның барысында тұрғындар мен әңгімелесу және судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша үгіттеу өнімдері таратылады.
Сонымен қатар, үгіт-насихат жұмыстары белсенді жүргізілуде. Күн сайын шомылу маусымы кезеңінде қауіпсіздік шаралары туралы тақырыпта қаланың LED – экрандарында, қоғамдық көліктерде (автобустарда), адамдар көпжиналатын объектілерде ("MegaSilkWay" СОО, "Азия парк", Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы және т.б.) бейне және аудио жазбалар трансляциялау жүзеге асырылады.
Өз баяндамасында Р.Демеуберген су айдындарында тыйым салу белгілері, жүзбелі белгілер және ақпараттық стенділер орнатылды деп атап өтті.
«Адамдардың қаза болу фактілері суға шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған су айдындары учаскелерінде тіркелген. 2022 жылы 4 адам құтқарылды. Алайда, азаматтар қызметкерлердің ескертуін елемейді, сонымен қатар қызметкерлерді қорлайтын және оларға қарсы агрессия жасайтын, өзінің қарсы пікірін айтып, тыйым белгілерін, стендтерді бұзатын азаматтар бар»
Бүгінгі күні Нұр-Сұлтан қаласында шомылуға арналған су айдындарының 21 тыйым салатын учаскелері белгіленген, олар: Есіл өзені, Шұбар тұрғын алабы, Газмашаппаратура, Тельман, Триатлон парк, Депутаттық қалашық, Қарасу өзені, Ақбұлақ өзені, Нұра-Есіл арнасы, Контрреттегіш және т. б. (Алматы – 8, Байқоңыр – 4, Есіл – 6, Сарыарқа-3).
«Елорда қонақтары мен азаматтарын жазатайым оқиғаларды болдырмау сондай-ақ әкімшілік айыппұлдардың әсер етпеуі үшін аталған жағажайларды шомылу үшін пайдаланбауға шақырамын» - деп, Нұр-Сұлтан қаласының ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Ратбек Демеуберген айтты.
Судағы қауіпсіздік ережелері:
- Тек рұқсат етілген жерлерде шомылыңыз.
- Суға мас күйінде кірмеңіз.
- Бейтаныс жерлерде шомылмаңыз және суға түспеңіз
- Суда жүзушілерді ұстап алумен байланысты опасыздыққа жол бермеңіз.
- Егер судың температурасы +18 С төмен болса, шомылмаңыз
- Жүзу үшін бөренелер мен үй құрылғыларын пайдаланбаңыз.
- Жағадан алыс жерде үрлемелі матрастарда немесе камераларда жүзбеңіз.
- Шомылу кезінде кішкентай балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
- Өзіңізді және балаларыңызды қорғаңыз!!!