Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
21 маусым, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Сақтар мекендеген Шуша атауы не мағына береді?

Сақтар мекендеген Шуша атауы не мағына береді?

Сақтар мекендеген Шуша атауы не мағына береді?
ашық дереккөзі
- Шушаның мағынасын білесіз бе?  - деп сұрадым жанымдағы серігімнен. - Шиша деген парсы сөзінен шыққан дейді. - Мүмкін Шуша - шошақтан шыққан болар? Сосын оған “шошақтың” не екенін түсіндіруге тырысып көрдік. Қисынды сияқты… Шын мәнінде біз осы сәтте небір шырғалаң шатқалды шарлай өтіп, шошайған шошаққа ұқсас биік шоқының үстінде тұрған едік.
Шушаның төңірегін ертеде шошақ бөрікті  сақтар мен скифтер мекендеген. Шеки сынды біраз жер-су атаулары солармен тікелей байланысты. Әлемге Томирис ретінде танылған Темір ханша да осы маңда парсылармен соғысқан деген аңыз бар.
Одан бері де бұл аймақты ғұндар, албандар, хазарлар, печенектер, құмандар мен қыпшақтар, оғыздар жайлаған. Мәселен Лачин (Лашын), Ақдам (Ақтам), Генже (Кенже) сынды елді мекендер соны әйгілеп тұр. Қазақ деп аталатын аудан мен ауылдар бар екенін бәрі біледі. Біздің ұшақ қонған Физулидің жанында да “қазақтар” деп аталатын ауыл бар екен. Мұның бәрі ортақ тарихымыздың түп-тамырлас, еншісі бөлінбеген егіз екенін айғақтаса керек. [caption id="attachment_66345" align="aligncenter" width="1280"] width= Фото: Дархан Қыдырәлінің фейсбук парақшасынан[/caption] Бакуде басталған іс-шарамыз түркі әлемінің мәдени астанасы деп танылған Шушада жалғасты. Жақсы әсер алдық. Халықаралық Түркі академиясы қайта басып шығарған, осыдан мың жыл бұрын қадым түркі тіліне аударылған қасиетті Құран кітапты Шушаның әкіміне табыстадық. Жыдыр жазығына жамбастай жаттық, біздің жайлауларға ұқсайды екен. Төңіректегі шоқылардан өзгешеленіп, шошайып, көкке ұмсына түскен сол биіктен төменге көз жіберіп, Шушаның көне сақтардың шошағынан шыққанына тағы бір көз жеткізгендей болдық. Шоқтығың биік болсын Шуша - шошақ!    

Дархан ҚЫДЫРӘЛІ,

т.ғ.д., профессор Халықаралық Түркі академиясының президенті