Ұлытауда Ұлы Құрылтай басталып, жұрт назары жаңа облысқа ауған шақта Аяз Би есімді желі қолданушысы:30 жылдық Тәуелсіз ел тарихында тұңғыш рет депутат ретіндегі антын «Бісмілладан» бастаған Саясат Нұрбек министр болғалы оның діни ұстанымы, жеке өмірі мен шетелде (Кипрде) оқып жатқан бала-шағасының мәселесі әлеуметтік желіде әбден жазылды.
«Дат, ағайын! Саясат Нұрбекті біздің заманның әл-Фарабиі десек бола ма?» - деген жазбасымен жұртты елең еткізді. «Сегіз тілді меңгеру оңай емес-ті. Сегіз тілде сөйлейтін кісі ғылымнан кенде, білімсіз болмайтын шығар?! Нағыз өз орнына жайғасқан сыңайлы...» - деп өз постын Аяз Би тәмәмдаған.Оның бұл жазбасына Жасалаш Жасалаш есімді қолданушы: «Қытай тілінде қытайларды шешеден боқтауды біле ме? Моңғол тілінде ауызды не деп айтады соны сұрашы? Ағылшын тілінде сиыр сөзінің 10 баламасын айта алама? Қазақ тілінде сиыр сөзінің 30-дан аса баламасы бар. Швет тілінде шегірткені қалай атауын білмейтін шығар» - деп пікір қалдырса, Қайрат Досимайлов есімді фейсбук қолданушысы: «Аллах берекели етсин, мине нагыз билим иеси!» - деген пікір жазған.