Белгілі ақын Светқали Нұржан Мұхамеджан Тазабекті қазақ ұлтынан, ұлттың рухани құндылықтарынан тамыр үзген азамат деп есептейді деп жазады newsroom.kz порталы.
Бұл туралы ол «Сұрауы бар» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты. Олай деуіне 10жыл бұрын Алматыда өткен «Түркістан-Ширкістан» айтыс себеп.
«Қазақтың азаматы «Түркістан – ширкстан» деген айтыс өткізбейді ғой? 2011 жылы Қазақ Ұлттық Университетінің жастар сарайында айтыс өткізді ғой. Қайрат Сатыбалды бастаған топ айтыскерлерді қайта-қайта умра, қажылыққа сүйреп жүріп миларын улап алып келді» - дейді ақын.
Оның пікірінше араб жерінде ақындарды әдейі қазақтың дәстүрлі діни танымына қарсы дайындаған. Ақын қазақтың сан ғасырлық рухани дүниесіне жасалған шабуылдың жауапсыз қалғанына қынжылады.
«Сонда Түркістанның мың жарым ардагері Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазды ғой. Мынаны тоқтатыңыз, не масқара мынау деп. Оған бір ауыз биліктің тарапынан жауап берілген жоқ» - дейді Светқали Нұржан. Бұл сұхбаттың толық нұсқасын «Сұрауы бар» YouTube арнасынан көруге болады.
Сұхбаттың толық нұсқасы: https://www.youtube.com/watch?v=jfVNgvmgRmEТілші БАЛА