Қазақстаннан барған BePRO Business Club кәсіпкерлері Ташкент, Жиззақ, Самарқанд, Ферғана, Наманган, Андижан, Қохан қалаларының өндіріс орындарын аралап, негізін қалаған кәсіпкерлермен танысып тығыз байланыс орнатқан.
Өзбекстанның кәсіпкерлер палатасымен кездесуден басталған іс-шара облыстың ірі өндіріс орындарын аралаумен жалғасын тапқан.
Бизнес тур барысында Artel өндіріс базасын, әйнек шығаратын өндірісті, автобөлшектер өндірісін, тігін фабрикасы мен аяқ киім өндірісін, пластик заттар мен шуруп өндірістерін ішінен көріп, танысқан.
Шара барысында өзбекстандық делегацияны бастаған А.Рахмонқұлов BePRO Management холдигінің басшысы Еркебұлан Мәкеновке ұлттық шапандарын жауып, қонақ кәде ұсынған.
Екі ел арасындағы сапарда жүрген 35 кәсіпкер қазақ пен өзбек арасындағы кәсіпті дамыту бойынша бірнеше келісімдерге келіп, жақсы нәтижеге қол жеткізе алған. Екі жақ әлеуметтік және экономикалық жағынан маңызды деген, екі ел үшін де пайдасын тигізетін жобаларды жүзеге асыруда нақты бітімге келген.
Тілші БАЛА