Қара нәсілді жігітке тұрмысқа шыққан қазақ қызы жүкті екенін жария етті. Олар іші өсіп қалған суретін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz сайты caravan.kz порталына сілтеме жасап.
Мұны көрген көпшілік құттықтап жатыр. Бірақ бұл жағдай өзге оқырмандарға ұнай қоймады.
Инстаграм әлеуметтік желісіне:
«Қазақ қазақ қазақ
Біздің той болғаннан кейін, қаңтарлық оқиғаға шейін неше түрлісін естіп, көріп келгенмін. Бірақ сол қаңтардан кейін кішкене басылып еді, жақсыға тез үйренесің дегендей, күніне 10/15 хейт коммент алып үйреніп қалған, мына толқын қайта пайда болғанда флэшбэк боп кетті ғой.
Өзге нәсіл — ол да Аллаһтың жаратылысы, өзіңізді одан жоғары қоятындай, Аллаһтың жаратылысына тіл тигізетіндей өздеріңізді кіммін (немін) деп ойлайсыздар? Әлі туылмаған сәбиге айтпай жатырғандарыңыз жоқ, Аллаһтың қаһарынан қорықпайсыздар ма? Сол сәбисіз қалармыз деп қорықпайсыздар ма? Тілемеймін, қарғамаймын, Аллаһқа тапсырамын.
Бір байқағаным, ауызына келгенді жазатындар, қазақ қазақ дейтіндер сол қазақ тілін дұрыс меңгермеген, жазулары қате-қате, білім жоқ, қараңғы, надан пендесымақтар. Тіпті қарапайым “күйеу”, “ру”, “бөпе” дегенді сөзді жазып білмейтін, мәңгүрт секілді бірдеңелер. Ұялам, рас ұялам сіздерді қазақ деп айтуға. Дым көрмеген, ел көрмеген, жер көрмеген, қараңғы. Жалко мне вас, честное слово.
Маған бәрібір, өмір сіздердікі ғой, тек ойлайм, қиын шығар мисыздық .
Ақ, қара, қоңыр кешеден бері естіп жатырғаным — у вас что комплексы??? Түске осынша қадалып қалатындай?? Психиатрға тіркеліп бастарыңызды қаратыңыздаршы, өтініш. Тым болмаса психологқа барып кішкене комплексы проработать, бірақ ондайды білмейтін шығарсыздар… жалко да просто..
Не қоғамға, не отбасыларыңызға түк пайдаларыңыз жоқ, бос жүргендеріне мәз әйтеуір. Мына Қазақстан, азаматтық, ойбай елім жерім дегендердің жартысынан көбі тіпті салық та төлемейтініне кәміл сенем. Сол Қазақстаныңызға ешқандай пайда әкеліп жатырған жоқсыздар.
“Ит үреді, керуен көшеді”, “айта берсін, қақпақ болмайсың” дейтіндерге айтарым — 9 ай болды мына иттердің үріп жатқанына, бір бала босанып алатын уақыт болды, мына иттеріңіз әлі үріп жатыр. Елестетіп көріңіз, қасыңызға ит әкеліп 9 ай бойы үздіксіз үргізіп қойса кімнің болса да ығыры шығады.»,- деп Зайда жазба жариялады.
Желі оқырмандары: «Күлкім келеді»,»Ешкімді тыңдама»,»Бақытты бол»,»Ұрып соғатын қазақтан, аялайтын негр артық»,»Әр адам бақытты болуға лайықты»,»Мықты қыз екенсің», — деген пікірлер қалдырды.