Алла сақтасын! Атыраулық еркек әйелімен ажырасып үйін сүріп тастаған

Алла сақтасын! Атыраулық еркек әйелімен ажырасып үйін сүріп тастаған

ашық дереккөзі

Атырауда оншақты жыл отасқан ерлі-зайыпты ажырасыпты.

Сот заңды түрде екеуін екі жаққа жіберіп, мал-мүлкін бөліске салған. Сондықтан екеуі бірге тұрған үйді сатып, ақшасын теңдей бөлуі керек еді. Бірақ бұған көнбеген бұрынғы күйеуі жынданып, трактормен үйлерін күреп тастапты.

Бұл туралы белгілі журналист Диас Нұрақын өзінің фейсбук парақшасында жазды.

«Маған да саған да жоқ деп жасаған тірлігі екен. Ұядай үйін бала-шағасынан қызғанған ғой. Енді екі баласын жетектеген жалғызбасты ана тентіреп қалған. Қираған қарашаңырағын тек қоршаудың сыртынан ғана бақылап жүр» - деп жазды ол өзінің парақшасында.

Жүктелуде...