Еуропаның шағын ғана елі Мажарстан (біздіңше – Венгрия) жаңа үйленген жас жұбайларға үкіметі 31 мың еуроға дейін пайызсыз несие береді екен.
Бұл аз ақша емес. Сосын не болады дейсіз ғой?
Бірінші бала туылса, бұл несиені төлеу үш жылға дейін кейінге шегеріледі. Екінші бала дүниеге келсе, жаңағы қарыздың 10 мың еуросын қысқартады.
Үшінші балаң туылса, қарыздан толық құтылады екенсің. Сұмдық па?! Бұл әлі соңы емес.
Төрт және одан көп бала туған әйелдер өмірінің соңына дейін жәрдемақы алады және мемлекетке салық төлеуден толық босатылады. Міне, демографиясын ойлаған елдердің салиқалы саясаты.
Ал бізде қалай? Не ойлайсыз, құрметті оқырман?
Әлеуметтік желі белсендісі Раушан Жәкешбайдың постының негізінде өңделіп жазылды.