Бүгінгі таңда TikTok тек жастар аудиториясы ғана емес, жалпы, интернет кеңістігіндегі ең ірі әлеуметтік платформалардың біріне айналып, бүгінде тикток-хаустар болып біріккен танымал отандық блогерлердің белсенділігі күн санап артуда - деп жазды ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Умаров өзінің фейсбук парақшасында.
Осы орайда, кеше Шығыс Еуропадағы мемлекеттік билік органдарымен байланыс және корпоративтік мәселелер жөніндегі директор Сергей Соколовпен кездесу өткіздік - деп жазды А.Умаров.
Оның жазуынша, Сергей Соколов ТikТоk платформасын бүкіл әлем бойынша 2 млрд-тан астам адам қолданатынын, оның ішінде Қазақстанда ТikТоk-тың 7 млн-нан астам пайдаланушысы бар екенін атап өткен.
"Кездесуіміздің барысында біз Қазақстанда тарих, туризм, мәдениет, білім және ғылым, театрлар мен мұражайлар туралы мазмұнды контент қалыптастыратын жаңа бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқыладық" - деп А.Умаров өз постын қорытындылады.