Нұр-Сұлтан қаласында INFINITI-дің ресми дилерлік орталығы ашылды деп хабарлайды newsroom.kz порталының тілшісі.
Өткен жазда премиалды брендтің ресми дилері мәртебесін алған Orbis Auto автомобиль тобы орталықтың құрылысын қысқа мерзімде, бір жылдан аз уақыт ішінде жүзеге асырды. Осылайша, INFINITI-дің дилерлік орталығы Orbis Auto астаналық автомобиль ауылының аумағында орналасқан төртінші автоорталығы болды.
Жобаны жүзеге асыруға инвестициялар 1 млрд теңгеден астам соманы құрады. Жаңа автоорталық елордадағы INFINITI-дің алғашқы ресми дилерлік орталығы ғана емес, сонымен қатар INFINITI-дің ең жаңа әлемдік стандарттарына сәйкес салынған брендтің Қазақстандағы алғашқы ресми дилерлік орталығы болды.
Жаңа дилерлік орталықтың жалпы ауданы 1623,45 ш. м. құрайды, алты автомобильге есептелген шоурум алаңы – 403,5 ш. м. Orbis Auto компаниясында атап өткендей, қазіргі таңда қазақстандық нарықта INFINITI автомобильдерінің тапшылығы жоқ және дилерлік орталықтың шоурумында Қазақстанға ресми түрде жеткізілетін INFINITI автомобильдерінің бүкіл модельдік қатары ұсынылған. Бүгінгі таңда бұл танымал QX50 және QX55 кроссоверлері, сондай-ақ брендтің жол талғамайтын флагмандық INFINITI QX80 моделі. Мұнда автомобиль иелері аксессуарларды таңдап, түпнұсқа бөлшектерді сатып ала алады.
Жеке аймақта жүрісі бар автомобильдер ұсынылған, олар өз кезегінде автоорталықтың қызметкерлері олардың техникалық жарамдылығына көз жеткізгеннен кейін және заңды рәсімділіктерді тексергеннен кейін ғана сатуға ұсынылады. INFINITI-дің астаналық дилерлік орталығының клиенттері өз автомобилін жаңаға айырбастау (trade-in) және жүрісі бар автомобильдерді сатып алу бойынша қызметтерді пайдалана алады. Соңғы аталған қызмет түрі шығарылған жылына қарамастан барлық автомобильдерге қолданылады.
Ауданы 600 ш.м. құрайтын сервистік аймақ осы жылдың тамыз айында іске қосылады және бес сервистік бекетке есептелген, сондай-ақ INFINITI мамандандырылған жабдығымен жарақтандырылған. Дилерлік орталықтың сервисінде елордалық автоиеленушілер детейлинг, тюнинг және құрыштауды қоса алғанда, автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету бойынша қызметтердің толық кешеніне қол жеткізе алады. Көлік иесінің өтініші бойынша қосымша жабдықтар мен күзет жүйелерін орнату мүмкіндігі бар. Автомобиль иелері техникалық қызмет көрсету немесе кішігірім жөндеу уақытын ыңғайлы күту аймағында өткізе алады.
INFINITI дилерлік орталығын іске қосу 50 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді. Orbis Auto бас директоры Динара Искакова атап өткендей, соңғы жылдары танымал премиалды бренд Қазақстан нарығындағы өз позицияларын едәуір күшейтті. 2020 жылдың қорытындысы бойынша INFINITI алдыңғы жылдың нәтижесіне бірден 48% қосып, премиалды сегменттегі сатылымдардың үздік нәтижесін көрсетті. Бренд күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша төртінші орынға ие болып, премиум-сегменттің топ-5 көшбасшысының қатарына кірді. Қазақстандық бизнес қауымдастығының мәліметтері бойынша, 2021 жылы INFINITI-дің Қазақстандағы ресми сатылымдары 460 бірлікті құраса, 2022 жылдың I тоқсанындағы сатылымдар – 146 бірлікті құрады, бұл BMW және Lexus-тен кейінгі үшінші нәтиже. Брендтің премиум-сегменттегі үлесі 16%-ды құрады. Orbis Auto 2021 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін 124 INFINITI автомобилін сатты, 2022 жылдың I тоқсанында сатылымдар 85 бірлікті құрады. Компания жетекшісінің айтуынша, жыл соңына дейін ресми дилер брендтің 180-нен астам автомобиілн сатуды жоспарлап отыр.
«INFINITI жылдан жылға Қазақстандағы сатылымдар көлемін ұлғайтуда, сондықтан ресми дилер мәртебесін алу, елордада ең қысқа мерзімде жаңа дилерлік орталықты салу мен ашу біздің компания үшін қисынды әрі орынды шешім болды. Біз Қазақстанда бренд позициясын нығайту үшін одан әрі жұмыс істейтін боламыз», - деп атап өтті Динара Искакова.
AMIEO Өңіріндегі INFINITI-дің басқарушы директоры Насиф Сиддикидің айтуынша, INFINITI бүкіл әлемде сатылымдардың өсуін көрсетуде, сондықтан қазақстандық автокөлік нарығы жаһандық трендтен қалыспауда
. «Бренд стандарттарына толығымен сәйкес келетін елдегі алғашқы дилерлік орталықтың ашылуы біз үшін ҚР нарығында өз позициямызды нығайтудың және жергілікті нарықта ілгерілеу бойынша ниеттердің дәлелі болып табылады», - деп атап өтті
Насиф Сиддики.
Дилерлік орталықтың ашылуы аясында екінші буындағы INFINITI QX60 жаңа үш қатарлы кроссоверінің жабық көрсетілімі өтті. Бұл автомобиль, оның өткен буыны сияқты, көлемі 3,5 л, қуаты 283 а. к. (АҚШ нарығына арналған нұсқада – 299 а.к.) V6 атмосфералық қозғалтқышымен жабдықталған. Вариатордың орнына жаңа INFINITI QX60 қуат пен үнемділіктің оңтайлы теңгерімін, отын беруді ұлғайтуға жауап беру жылдамдығын және шу мен дірілдің төмен деңгейін қамтамасыз ететін 9-сатылы «автоматпен» жасақталған. Толық жетекті трансмиссиядағы артқы доңғалақтарды қосудың жаңа муфтасы өткен нұсқаға қарағанда жылдамырақ жұмыс істейді, сондай-ақ тежегіш дискілерінің диаметрі айтарлықтай ұлғайтылған.
Автомобиль барлық заманауи технологиялармен жабдықталған, оның ішінде ақылды круиз-бақылау және болжау функциясымен ықтимал соқтығысу туралы ескерту жүйесі бар белсенді қауіпсіздік ассистенттер жүйесі бар.
Жаңа QX60 моделінің интерьері жан-жақты ойластырылған өңдеуде табиғи материалдар қолданылған, ал максималды жинақтауда бірінші және екінші қатардағы Autograph орындықтары ромб тәрізді контрастты тігісі бар жоғары сапалы жартылай анилинді былғарымен қапталған. «Zero gravity» конструкциясы бар алдыңғы орындықтар жылыту және желдетумен жабдықталған, ал кейбір жинақтауларда массаж функциясы қолжетімді, бұл өз кезегінде тіпті ең ұзақ сапарда жайлылық деңгейін арттыратын болады. Тіпті базалық жинақтаудың өзіне панорамалық төбе кіреді, ол онсыз да кең және функционалды салонға визуалды түрде көбірек кеңістік қосады.
Жаңа QX60 моделінде 12.3 дюймдік экраны және смартфонның интуитивті синхрондау жүйесі, соның ішінде сымсыз Apple CarPlay бар жаңа InTouch мультимедиялық жүйесі орнатылған. Сондай-ақ, жабдықтың ішінде 12.3 дюймдік сандық құралдар тақтасы, алдыңғы әйнектегі проекциялық дисплей және камерадан ағынды кескінді беретін ақылды артқы көрініс айнасы бар.
Қазақстанда жаңа өнімнің ресми сатылымдарының басталу күнін Orbis Auto өкілдері қосымша хабарлауға уәде берді.