Қаңтардағы шеру Маңғыстаудан басталды. «ГАЗ ЕЛУ» деген ұран әлі құлағымызда. Бір күннен кейін Президент Тоқаев шешімімен «ГАЗ ЕЛУ» болды. Газ елу болғанда жүрегіміз елжіреді. Еститін Үкімет бар екен ғой деп үмітімізді үкіледік. Респбуликаның барлық елді мекені дүр сілкінді. Көптен қордаланған проблемаларды айтып алдымен көшеге жастар шыға бастады. Бәрі бейбіт басталған. Бірақ... «Қаралы қаңтар» оқиғасына дейін біз Қазақстанды «тұрақтылық аралы» деп санадық. Өз көзімізбен көріп, куә болғанымыздай жастардың қамын күйттеп, болашағына жауапкершілікпен қарамасақ, олар басқа теріс ойлы, ел тізгінін өз бағытына бұрмақ болған қара ниетті экстремистік топтың арандатушылық ой жетегіне еріп кететінін көрдік. Өте өкінішті. Үш қалада мемлекеттілік символы әкімдік ғимараттары өртелді. Марқасқа әкімдеріміз кабинеттерін тастап кетті. Қала тұрғындары өздерін қылмысты топтан қорғайтын күштік құрылым сақшыларын таба алмай қалды. Өйткені олардың бастық генералдары бас сауғалап, міндеттерін атқармай жауапкершіліктен жалтарды... ОДКБ әскерін шақыруға мәжбүр болдық.Осындай қателіктер қайталанбауы үшін үшін не істеуіміз керек? Не істеуге тиіс едік? Біз жалпы не істей аламыз? Бұл сауалдар баршамызды ойландыратыны хақ. 86 жылғы желтоқсанға оралайын. Біздер шеруге шыққандағы басты талабымыз әділдікті, Тәуелсіздік декларациямыз қабылданғанша бес жыл күттік. Қаңтар оқиғасынан кейін міне бес ай өткенде, сол күндері жастарымыз талап еткен әділдік принциптерімен толықтырылған, өркениетті елдер бағытындағы түзетулері Конституция баптарының үштен бір бөлігін қамтыған. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=d2wZCCcUIos[/embed] Қазақ қанында қатып қалған ұлттық код ол қашанда Әділетсіздікке көнбеу, мүлдем төзбеу. Әділдік болмаса қазақ ұзағырақ шыдайды. Сосын атын ерттеп мініп, жұртын ілестіріп көшіп кетеді. Әлгі орысшалау генералымыздың «өкпелесең көшіп кет» дегені осы. Қайда көшесін, қайда барасың. Ел егесі Мәскеу болған отызыншы жылдары бастан өткен зұлмат жылдар, нәубет жылдар есімізде. Қазақтың үштен екісі, жалпы 4-5 миллион қандасымыз опат болды. Бұл Референдум кімге керек? Осыған жауап іздеп көрейік? Біреулер айтады. Неге соншалықты асығып, Конституцияны өзгертіп жатырмыз деп. Заман сондай. Ырғалып жүруді күтпейді. Дүние әлем күн сайын өзгеріп жатыр. Мемлекеттігімізді тездетіп мықтап, Қаңтардағы қателіктерді жеделдетіп шешу парыз. Бұл МемБасшы Қ.Тоқаевқа артылған ел аманаты. Жаңа Қазақстан дегеніміз - заң үстемдік ететін әділетті Қазақстан!
философия ғылымының докторы.,
Халықаралық Телевидение және радио Академиясының академигі
Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері