Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
27 мамыр, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін кешірім сұраймын - Азамат Маркленов

Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін кешірім сұраймын - Азамат Маркленов

Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін кешірім сұраймын - Азамат Маркленов
ашық дереккөзі
«Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов концерттегі әрекеті үшін халықтан кешірім сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz-ке сілтеме жасаған newsroom.kz порталы.
«Соңғы жағдайдағы концертке тоқталғым келіп отыр. Өз басым баршаңыздан, қазақстандықтардан кешірім сұрағым келіп отыр. Өзімді сахнада мәдениетсіз ұстағаным үшін, ішімдік ішкенім үшін. Мойындаймын. Бұл менен кеткен үлкен қате. Бұл мен үшін үлкен сабақ. Ендігі қайталанбайды деп уәде беремін сіздерге. Себебі біздің концерттерге тек жастар емес, жасөспірімдер, кішкентай баласымен келетін жанұялар бар. Сондықтан баршаңыздан кешірім сұраймын», - деді Азамат Маркленов.
Сонымен қатар әнші Shiza - Асхат Жолшиев үшін де кешірім сұрады. «Shiza туды біреуге бергісі келгені, біреуге естелік болып қалсын деген оймен істеген еді. Ішімдіктің кесірінен деп ойлаймын, мойындаймын оны. Кешіріңіздер», - деді ол.