Әттең-ай, Олжеке...
Партия құрам депсіз. Ертеде «Халық Конгресі» партиясының газетінде классик жазушылар Сайын Мұратбеков, Қалихан Ысқақов ағаларымыз, Қорғанбек Аманжол бар қатты сеніммен қызмет еттік. «Батылырақ болыңдар»,- деп бір жинадыңыз да, сосын ай өтпей Италияға Елші болып кетіп қалдыңыз! – деп жазды елге танымал журналист Махат Садық өзінің фейсбук парақшасында. Оны біз «Ел ертеңі үшін - бірлік керек» деп түсіністікпен қабылдадық... – деген Махат Садық: «Бүгін тоқсанға жақындаған жасыңызда тағы сол ескі ұранды алып шықтыңыз...» - деп өз постын Асан Қайғының мына бір өлең шумағымен қорытындылады:Құйрығы жоқ, жалы жоқ,
Құлан қайтіп күн көрер?!
Аяғы жоқ, жалы жоқ,
Жылан қайтіп күн көрер?!
Не дейік, күрсіңеміз:
Ақсақалы жоқ, Абызы жоқ,
Жас ұрпақ кімнен үйренер?!
P.S. «Жаңа Қазақстанда» саяси өмір қыз-қыз қайнап басталғандай ма, қадірлі newsroom.kz порталының оқырманы? Өзіңіз қай партияға мүше болуды ойлап отырсыз?