Пиар маманы: зиялы қауымға да тәйт деп отыруымыз керек

Пиар маманы: зиялы қауымға да тәйт деп отыруымыз керек

ашық дереккөзі

Қаңтар кезінде үні шықпаған зиялы қауым өкілдері ел іші тыныштала бастаған сәтте қайтадан қазаққа ақыл айтуға көшіпті деп жазды белгілі пиар маманы Азамат Битан өзінің фейсбук парақшасында. Оның жазуынша: Біз Әділетті Қазақстан құрамыз десек тек билікті сынай бермей, қажет болса зиялы қауымға да тәйт деп отыруымыз керек. Қателескен жерде қателестіңіз, тоқтаңыз деп айтуымыз керек.

«Кезінде үлкен кісіге қарап тұрып: “Сіз жарық жұлдызсыз, ұлтты ояттыңыз” деп мақтау айтқан адамдар Жаңа Қазақстанның құрылысына араласуға моральдық құқы жоқ. Егер олар өздігінен тоқтамаса, елді ақымақ қылуын қоймаса, онда аты-жөндерін жазып тұрып, керек десе беттеріне қарап тұрып айтамыз» - деп жазды А.Битан.
«Ахуал күрделеніп, жағдай ушыққан сәтте жазушылар ішінде тек Дулат Исабеков ағамыз халықпен бірге екенін жеткізді. Ал көп тарихшылар, қазір Президенттің қабылдауына кіріп шығып жүрген адамдар сол кезде бір ауыз қолдау білдіруге жараған жоқ. Енді келіп аяқты аяққа айқастырып қойып қазаққа, қазақ жастарына қалай өмір сүру керегін үйреткісі келеді. Жоқ, олай болмайды. Сіздердің де заман өтті. Соған көндігесіздер» - деп ол өз постын аяқтаған.

Жүктелуде...