Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
14 мамыр, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Белгілі саясаттанушы: парламент «кеңестік атрибуттарды» сепаратистік деп тануы керек!

Белгілі саясаттанушы: парламент "кеңестік атрибуттарды" сепаратистік деп тануы керек!

Белгілі саясаттанушы: парламент «кеңестік атрибуттарды» сепаратистік деп тануы керек!
ашық дереккөзі
Менің екі атам да 1940-45 жылғы соғысқа қатысып келді. Олардың ерліктерін ешқашан ұмытпаймын!
Жеңіс күнінен алыстаған сайын бұл соғысқа қатысқан ардагердің соңы 94-95 жаста жыл санап саусақпен санарлықтай азаюда. Бір өкініштісі, біз бұл жеңіске қанша өзіміздің ұлттық көзқараспен атап өтуге ұмтылсақ та, көрші Ресейдің тықпалаған "георгиев ленталары, бесмертный полкі, Қызыл туы, көсемдердің портреттері" идеологиялық сепаратистік пиғылы таусылар емес. Меніңше, бұларға тоқтау қойып, дабыл соғатын уақыт жетті.
Ресей билігі бүгінгі саясатында кешегі ностальгияны, ерліктерді өз пиғылында қолданып жүргені белгілі. Бұл еліміздің ұлттық қауіпсіздігіне үлкен қауіп!
Парламент депутаттары осындай атрибуттарды "сепаратистік" деп танып, ал Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақстандықтардың ерлігі ұлттық тарихтың бір оқиғасы деп көрсетулері тиіс.
Және ұлттық тарихты бұрмалайтын кез-келген ресейлік идеологиялық көріністерін "сепаратизм" деп айыптау қажет. Тоталитарлық жүйенің көсемдерінің ескерткіштері "тарихи маңызы жойылған" деп заңды түрде қалай құртсақ, кеңестік жүйенің үгіт-насихаттық материалдарын да тарихи маңызы жойылған деп тану тиіспіз. Өйтпесе, жыл сайын 9-мамырда ұлттық саясаттың ресейшіл пиғылдағы өнімдердің алдында ойсырап тұрғанын байқау қиын емес.
Бұл бір күні жарылатын тықылдаған мина, дұрыстап ойлану керек!