Ал, сурдолимпиадалық комитет, керісінше, лайықты үміткер екенін алға тартады. Соған сенімді. Вообщым, министрлік өкілдері оны жарысқа жібермеуді талап етеді. Ал, комитет тықпалауға тырысады. Соңында ұйымдастырушы тарап «Қазақстан сурдолимпиадалық комитеті ғана өтініш бере алады» - деп, дзюдошыны жарысқа жібере салады. Салдарынан сол салмақтағы (точно мүмкіндігі шектеулі) Айдос Түгелбаев жарыссыз қалады. Оның орнына түсініксіз Еркебұлан Қанафин шығып, мүгедектердің бәрін жеңіп тастайды.Даудың басы қайда жатқанын ішім сезіп отыр. Бірер жыл бұрын сурдолимпиада жүлдегерлеріне берілетін сыйақыны олимпиада жүлдегерлерімен теңестірді. Мәселен, чемпион 250 мың доллар алады. Бұған қоса, 3 бөлмелі пәтер және басқа да анау-мынаусы бар. Бұның барлығы осындай әрекеттерге итермелеуі әбден мүмкін. Бірақ, біләәә, әлемдік деңгейде масқара болу ойға сыймайды. Абсурд. Адамдық тұрғыда да, моральдық тұрғыда да дұрыс емес. Негізі спортта әртүрлі әділетсіздіктер мен қастандықтар болып жатады. Ал, мына жерде одан да өткен бірдеңе. Разборка әлі жүріп жатыр. Жақын арада нақты ақпарат аламыз деп үміттенемін.
Спорт журналисті Аслан ҚАЖЕНОВТІҢ фейсбук парақшасынан алынды