«Мынау – қазақ...»: «Ахмат» жасағының командирі көпұлтты әскерін таныстырды (ВИДЕО)

«Мынау – қазақ...»: «Ахмат» жасағының командирі көпұлтты әскерін таныстырды (ВИДЕО)

ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде Украинада қарулы қақтығысқа қатысып жатқан ресейлік «Ахмат» арнайы жасағының видеосы тарады деп хабарлады newsroom.kz порталы Caravan.kz-ке сілтеме жасап. Бейнежазбада командирлердің бірі көпұлтты жасағында қазақтардың да бар екенін айтты.

«Ең көп ұлтты әскер – «Ахмат» арнайы жасағы. Түсінікті болу үшін айтайын, бұл жігіт – «Ахмат» арнайы жасағындағы украин жігіті. Ол – дұрыс украин. Ал мынау – орыс, мынау – қазақ. Біздің «Ахмат» арнайы жасағында ингуштар, осетиндер, құмықтар да бар. Біз – көпұлтты командамыз. Біздің жігіттердің қуанышы да, қайғысы да ортақ, мақсатымыз да бір. Біз бұрынғыдай бауырлас халықтардың тату-тәтті өмір сүріп, жауыздар, фашистер мен ұлтшылдардың болғанын қаламайыз», – деді ол.
Видеоны көрген көпшілік Ресей билігі өз еліндегі аз ұлттардың өкілдерін біріктіріп, әдейі соғысқа салып отырғанын жазған. Кейбірі қазақ деген жігіттің қазаққа ұқсамайтынын айтса, енді бірі «Ахматтың» құрамында жалдамалы тобырдың соғысып жатқанын алға тартқан.

Жүктелуде...