weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 сәуір, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Талдықорғандық оқушы қыз мұғалімімен жұлқыласты

Талдықорғандық оқушы қыз мұғалімімен жұлқыласты

Талдықорғандық оқушы қыз мұғалімімен жұлқыласты
ашық дереккөзі
Әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы мектептердің бірінде мұғалім мен оқушының жанжалдасқан видеосы тарап жатыр деп хабарлады newsroom.kz порталы tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Бұл жағдай №6 орта мектепте ағылшын тілі мұғалімі мен 8-сынып оқушысы арасында болған. Видеодан қыздың мұғалімін балағаттап жатқанын көруге болады. Кейін мұғалім мен оқушы бір-бірін жұлқылап, одан сайын айқайласа бастайды. Оған не түрткі болғаны белгісіз. Алматы облысы білім басқармасының баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.
«Оқиға 11 сәуірде болған. Осы оқиғадан кейін мектепте әдеп жөніндегі кеңес өтті. Оған оқушының анасы да шақырылды. Кеңес барысында тараптар татуласты. Бір-біріне талап-арызы жоқ. Мұғалім өз еркімен жұмыстан босатылды. Ол өтінішінде 2022 жылдың ақпанынан бері денсаулығы нашарлағанын жазған», - деді ведомство өкілі.