weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 сәуір, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ақтаулықтар Мұхаммед пайғамбардың шашын көруге жиналды

Ақтаулықтар Мұхаммед пайғамбардың шашын көруге жиналды

Ақтаулықтар Мұхаммед пайғамбардың шашын көруге жиналды
ашық дереккөзі
Ақтауда «Тасаттық» намазы оқылған кезде бір күнге Мұхаммед пайғамбардың шашы әкелінген еді. Ол туралы Маңғыстау облысының бас имамы Әнуар Елжанов толыққанды мағлұмат берді Оның айтуынша, қала тұрғындары жаңбыр тілеу намазын оқығанда, оған 2 мыңнан астам халық жиналған деп жазды newsroom.kz порталы.
«Қазір пайғамбардың шашы Шымкент қаласы тұрғынының қолында. Кезінде оған өзбекстандық ғалымдар сыйлапты. Мұхаммед пайғамбардың кезінде де халық қаладан шығып, Алладан жаңбыр жіберуді сұрап, дұға еткен екен. Біз де солай жасадық. Сол үшін өңірге Мұхаммед пайғамбардың шашы әкелінді. Оның арнайы құжаты бар. Қазір иесінде. Ол – берекелі нәрсе. Берекелі болсын, игілігі болсын деп алып келген», – деді Әнуар Елжанов.
Айта кетсек, пайғамбардың шашы арнайы құтыға салынған. Оны «Тасаттық» намазы оқылған соң иесі қайта алып кеткен.