«Миын пропаганда шәйіп кеткен»: елордада ресейлік таксист еркінсіп жүр

«Миын пропаганда шәйіп кеткен»: елордада ресейлік таксист еркінсіп жүр

ашық дереккөзі

Белгілі журналист Әділбек Жапақ өзінің Facebook-тегі парақшасына Нұр-Сұлтан қаласында басқа біреудің атына тіркелген көлікпен такси айдап жүрген ресейлік азаматпен сөйлескенін жазды. Айтуынша, көрші елдің ақпараттық шабуылымен «қаруланып алған» ол бөтен елде тым еркінсіп жүрген көрінеді. Төменде сол екеуара әңгімені толққанды жариялауды жөн көрдік.

«Бүгін бір шараға баратын болып, Яндекс-такси шақырдым. Жүргізуші есікті жабар-жаппастан ұшыртып ала жөнелді. Бір көлікпен жолды бөлісе алмай қалды, сигналды безілдетсін келіп: - Бля, г.... понаехали тут.., - рульдегі славян тектес жігіт аузына ақ ит кіріп, көк ит шығып жатыр. - Полегче, я никуда не тороплюсь. А сам откуда будешь? - Из Белогорода. Сестре приехал.... Это ее машина. - Белгород, это город который на границе с Украиной? - Он самый.... - Как там ситуация? - Нормально, нефтебазу только вот взорвали, а так тихо. Я уехал где то через два дня после того случая. - От войны бежал что ли? - Да не брат, мне уже сорок лет, я инвалид. Куда мне еще воевать. - Понятно. А как ты смотришь на украинско-российский конфликт? Как думаешь чем это война закончится? - Надеюсь все будет хорошо. - Да? В каком плане? - Надеюсь все скоро закончится. Думаю, оттяпает часть территории. Польше часть достанется. Знаешь, там брат, воры в законе у власти? Нужно отбить от них. - Да? Даже если воры в законе, это ведь внутренняя проблема страны. Зачем их освобождать? Что в России воров нет? - Ну есть брат, как бэ...Но они же не у власти (тут я чуть не упал с сиденья). - Ну хорошо, но гибнут же мирные люди, вынуждены покидать свой дом. В чем их вина? - Не знаю, у нас в России не спрашивают такое. - Надолго тут? - Да вот сестре приехал, я тут последний раз в 2017 году был. ЭКСПО посещали. P.S: Осылай ауызбен алысып келе жатқанда, бір көшеден асып кеттік. Әйтеуір, жетер жеріме жеттім-ау. Көліктен түсе сала, «Мә, мен кіммен сөйлестім?» деп шок болдым. Миын пропаганда шәйіп кеткен. Біздің елде өз үйіндей тайраңдап жүр. Қазақтың көзінше қазақты «на великом и могучем» боқтағанына түк қысылып тұрған жоқ. Өткенде ІІМ таратқан ақпаратта Қазақстанға жыл басынан бері 108 мың ресейлік кіргені, 100 мыңға жуығы елден шыққаны, банк есепшотын ашу, т.б мақсаттар үшін ресейліктерге 10 мыңнан аса ЖСН берілгені туралы жазылған еді. Олар визасыз біздің елде 90 күн бола алады. Мынау сондай бас сауғалап келгендердің бірі шығар. Жұмысқа кіре алмайды. Басқаның атына тіркелген көлікпен ақша тауып жүр. Яндекс Go сіздерге кім тіркелетінін тексересіздер ме? ҚР Ішкі істер министрлігі, таксидің кімге тіркелгені туралы ақпарат бере аламын».

Жүктелуде...