ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп жазады newsrom.kz порталы
ҚР сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің төрағасы Ержан Қазанбаев өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі 0,6% - ды құрағанын хабарлады. Атап айтқанда, пияз 2,9% – ға, қырыққабат 2,8% – ға, құс еті 2,5% – ға, сәбіз 2,3% – ға, қант 1,5% - ға қымбаттады. Өңірлер бөлінісінде бағаның ең жоғары өсуі Нұр-сұлтан (0,9%) және Алматы (0,8%) қалаларында байқалды.
ҚР Премьер-Министрі сондай-ақ Нұр-сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмурзаевтың және Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың, сондай-ақ республика бойынша қырыққабаттың ең жоғары құны (килограмм үшін 340 теңге) тіркелген Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақовтың есептерін тыңдады.
Талқылауды қорытындылай келе, Әлихан Смайылов бағаны тежеу мәселелері бірінші кезекте маңызды екенін атап өтті.
"Мен бірнеше рет "айналым схемасын" қаржыландыруды арттыруды тапсырдым, бірақ бүгінде жұмыс дұрыс орындалмады. Ағымдағы айдың соңына дейін қаржыландыруды 100 млрд теңгеге дейін ұлғайту қажет. Бұл көрсеткішті мақсатты деңгейге жеткізбейтін өңірлер бойынша жетекшілік ететін әкімдердің орынбасарларын жазалау жөніндегі ұсыныстар қаралатын болады", - деді Үкімет басшысы.
Әлихан Смайылов алдағы аграрлық маусым қарсаңында өңірлердің бірінші кезектегі міндеті күзгі ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуге форвардтық шарттар жасасу болуға тиіс екенін атап өтті.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп, бағаны ұстап тұру үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін тікелей жеткізуді Жедел тәртіппен жүзеге асыру үшін өндіріс пен тұтыну теңгерімін тұрақты негізде өзектендіруді жүргізу тапсырылды.
Тілші БАЛА