Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық корпустың өкілдері мен ҚР Сыртқы істер министрлігінің қызметкерлері "Бірге таза Қазақстан"экологиялық акциясы аясында жыл сайынғы жалпықалалық сенбілікке қатысты деп жазады newsroom.kz порталы.
Олардың ішінде ТМД, Еуропа және Таяу Шығыс елдерінің 40-тан астам елшілері бар. Экологиялық іс-шара қоғамның назарын қоршаған ортаның ластану проблемасына, табиғатты сақтаудың және экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аударуға бағытталған.
Нұр-Сұлтан қаласындағы ботаникалық саябақта сенбілікке қатысушылар 50 түп көшет отырғызды. Дәстүр бойынша экологиялық акцияны Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының 160-тан астам қызметкері қолдады, олар сыртқы істер министрлігі ғимаратының аумағы мен елорданың желілік саябағында қоқыс жинап, 30 көшет отырғызды.
Тілші БАЛА