"Қандай жағдай болса да, әлем чемпионы жанкүйеріне жұдырығын қолданбас бұрын көп ұстамдылық танытуы керек еді", - деді.Айта кетейік, Тайсон алдымен жас жігітті өз ісін доғаруды сұрады, дегенмен сол арада екі арада дау шығып, Тайсон жолаушының бетіне бірнеше рет соққы беріп, ұшақтан шығып кеткен. Спортшыға жақын дереккөздің айтуынша, жәбірленуші мас болып, Тайсонды арандатқан. Адвокаттың айтуынша, оның клиенті Тайсонның үлкен жанкүйері. Алдымен олардың қарым-қатынасы жылы болды, бірақ бір сәтте экс-боксшыға жанкүйердің мінез-құлқы ұнамады, содан кейін ол оны ұра бастады. Адвокат бұл жағдайды стюардессаға хабарласу арқылы болдырмауға болатындығын атап өтті. Қолдағы бар мәліметтерге сүйенсек, жәбірленушінің аты-Мелвин Таунсенд, ол 36 жаста. Бұған дейін ол алаяқтық, ірі көлемдегі ұрлық, бұзып ұрлау, тыйым салынған заттарды сақтау және ұрланған заттарды сату бойынша екі рет сотты болған.
Тілші БАЛА