Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 сәуір, 2022 / NewsRoom / Жаңалықтар

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Маңғыстау облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды
ашық дереккөзі
Бүгін, 23 сәуірде облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың өкімімен ішкі саясат басқармасының басшысы болып Нұртас Сали тағайындалды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Маңғыстау облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Нұртас Сали «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.  width= Еңбек жолын 2014 жылы "Маңғыстау-Медиа"ЖШС контент-менеджері болып бастаған. 2014-2017 жылдары-Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бас маманы. 2017 жылдан 2019 жылға дейін Маңғыстау облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы , 2019 жылдан 2022 жылға дейін ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2022 жылдың наурыз айынан қазіргі уақытқа дейін Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының міндетін атқарды. Өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ұжымға басқарманың жаңа басшысын таныстырып, жұмысына табыс тіледі.    

Тілші БАЛА