Ұрықтанған уылдырықтар дернәсілдік кезеңге дейін инкубаторларға орналастырылады. Содан кейін олар бассейндерде жетіліп, өсіру тоғандарына ауыстырылады. Өсірілген жас бекіре тұқымдас қортпа шабақтары биылғы шілде-тамыз айларында табиғи ортаға жіберіледі.
Қазіргі уақытта аналық қортпаның жағдайы қанағаттанарлық. Үйсіндіру әрекетінің нәтижесіне қарай аналық балықты шабақтарды көбейту мақсатында тоғандарда өсіріледі. Ал жасанды жағдайда ұстау мүмкін болмаса, Каспий теңізіне жіберіледі.
Айта кетейік, ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің балық өсіру кәсіпорындары жыл сайын мемлекеттік тапсырыс шеңберінде балық шаруашылығы су айдындарының балық ресурстарын жасанды түрде молайту жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады.
Жалпы биыл табиғи мекендеу ортасына бағалы балық түрлерінің 93,1 млн.дана шабағын, оның ішінде 7,5 млн. дана бекіре шабақтарын шығару жоспарланған.
Тілші БАЛА